«Қызыл жұлдыздағы» қоғамдық қабылдау

«Қызыл жұлдыздағы» қоғамдық қабылдау
ашық дереккөз
«Қызыл жұлдыздағы» қоғамдық қабылдау
«Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының 2020 жылға бекітілген қоғамдық қабылдау өткізу кестесіне сәйкес филиал төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізуді. Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – «Nur Otan» партиясы мен халық арасында «кері байланысты» нығайту мен дамыту. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың облыс және аудан орталығына бармай-ақ өздерін толғандырып жүрген әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерін өз ауылдарындағы қабылдау арқылы жеткізу. «Қызыл Жұлдыз» ауылындағы бастауыш партия ұйымында өткен қоғамдық қабылдауға келген жергілікті кәсіпкер, «НТ Жеңіс» шаруа қожалығының төрағасы Ж.Нұрбаев ауылда қызылша өсіру мен оны өткізу, ауыл шаруашылығы саласының ардагері А.Өмірзақов жергілікті тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған пилоттық жобаны іске асыру, жас маман Л.Нұрхан жастар тәжірибесі, көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері С.Отарбаева атаулы әлеуметтік көмек, Қ.Арықбаев жастарға берілетін қайтарымсыз грант, қарт ана Ж.Кеңесова жер телімі туралы өтініштерін білдірді. Сондай-ақ партия аудандық филиалының төрағасына ауыл тұрғындары Ж.Арықбаева мен Р.Байтұрсынова да өз өтініштерін жеткізді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Н.Нұржігітов қоғамдық қабылдауға келген әрбір ауыл тұрғындарының өтініш-тілектерін мұқият тыңдап, еліміздегі қолданыстағы заң шеңберінде жауап берді. Сонымен қатар филиал төрағасы барлық өтініштердің партиялық бақылауға алынатындығын мәлімдеп, осында көтерілген мәселелердің оң шешім табуын қоғамдық қабылдауға қатысқан тиісті бөлімдердің басшыларына тапсырды. «Aq jol-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар