34,5 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЫ САТЫЛДЫ
Өткен сенбі күні облыс орталығынан тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын артқан әлеуметтік автокеруен Сарысу ауданына жетті.
Жаңатас қаласының орталық базарында өткен жәрмеңкеде тұтынушылар көп болды. Өйткені әлеуметтік керуен жеткізген азық-түлік тауарының бағасы базар мен басқа сауда орындарындағыға қарағанда біршама арзан. Мәселен, картоп бағасының килограмы-80, пияз – 45, 50 килограмдық жоғары сұрыпты ұнның қабы – 6000, сәбіз – 55, пияз – 50, күріш – 25 сұйық майдың 5 литрі – 1650, 25 килограмдық бір қап қант 4750 теңгеге арзандатылған бағада сатылды.
Жәрмеңке Саудакент ауылында жалғасын тапты. Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесіне іргелес ауылдардың тұрғындары да ағылды. Олар да сауда көрігін қыздыра түсті.
Ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізген ауылдықтар осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.
Жаңатас қаласы мен Саудакент ауылында әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесінде тұрғындарға 34,5 тонна азық-түлік тауарлары төмен бағада өткерілді.
Дариха Үмбетиярова,
журналист.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Күн сәулесі – күнделікті қуат көзі
- 23 қаңтар, 2025
Ауылдардың әлеуеті артып, асыраушы сала алға басып келеді
- 23 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді