«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Міндет – сапалы маман даярлау

Міндет –  сапалы маман даярлау
ашық дереккөз
Міндет – сапалы маман даярлау

Елбасы биылғы Жолдауында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті тиісті деңгейде көрсету қажеттігін баса айтты. Бастапқы көмектің қолжетімділігін арттырудың бір жолы – сапалы маман даярлау. Жамбыл медициналық колледжі – жарты ғасырдан астам уақыттан бері өңіріміздегі емдеу мекемелерін орта буынды мамандармен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір білім ордасы десек, артық айтқандық емес.

Облыста 42 аурухана, 328 амбулаториялық-емханалық ұйым, 114 дәрігерлік амбулатория бар. Мемлекеттік емес денсаулық секторларының саны да күн санап артып келеді. Аталған ұйымдардың бәріне «емдеу ісі», «акушерлік іс», «медбике ісі», «формация», «ортопедиялық стоматология» секілді мамандар қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Ал медицинада кадр тапшылығы үлкен проблемаға айналған. Біз сапалы орта буынды мамандар даярлау үшін оқу орнының материалдық-техникалық базасын күшейтуді қолға алдық. Кабинеттерді жаңа құрал-жабдықтармен жабдықтап, шетелдегі медициналық оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Колледжде студенттердің тек теориялық тұрғыда білім алуына ғана мән берілмейді. Алған білім-біліктерін іс жүзінде батыл қолдануы үшін орталық ауруханаларда тәжірибеден өту жағы қарастырылған. Бүгінде біздің көптеген түлектеріміз облыс және аудан орталықтарындағы, ауылдағы емдеу мекемелерінде табысты еңбек етуде. Колледж қабырғасында алған білімі арқылы олар ауылдық жерлерде тұрғындарға қолжетімді бастапқы медициналық көмек көрсетіп жүр. Бұл өз кезегінде ауыл жұртшылығының өмір сапасын арттыруына септігін тигізетіні белгілі. Дер кезінде әрі сапалы көр-сетілген медициналық көмек науқастың тез оңалуына әсер ететіні белгілі. Бірер ай бұрын ғана түлектерімізге диплом тапсырып, өмірге жолдама берген едік. Міне, енді жаңа оқу жылы басталды. Жаңа оқу жылында бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бастысы – сапалы маман даярлау ісі.

Самиха Қоңырова, Жамбыл медициналық колледжінің директоры.

Ұқсас жаңалықтар