- Advertisement -

Электронды оқулықтың игілігі таныстырылды

80

- Advertisement -

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Бүгінде «Оқушылардың оқулықтары ауыр, олардың жас ерекшеліктері еш ескерілмеген, денсаулықтарына зиян. 5-6 жасар оқушының өзі пәлен килограмм кітапты арқалап жүруге мәжбүр» деген сыңайдағы пікірлерді жиі естиміз. Бұл орынды да.
Сондықтан болашақта республика мектептерінде электронды оқулық толығымен қолданысқа енгізілетін болады. Бұл туралы «Цифрлық Қазақстан» аясында «Алматыкітап баспасы» opig.kz платформасын ұйымдастырушылар Тараздағы «А-Status» мектеп-гимназия, балабақша кешенінде өткен облыстық семинарда айтты. Жиынға баспа қызметкерлері, мектепалды және бастауыш білім беру кафедрасы, халықаралық деңгейдегі филиппиндік ағылшын тілінің маманы Rozie Ronduen, қала және аудандардан 50-ге жуық ұстаз қатысты.
Жалпы, электронды оқулық жобасы 2018 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның 11 мектебінде пилоттық жоба ретінде енгізілген екен. Онда жаңартылған бағдарлама бойынша, 3, 6, 8-сынып оқулықтарының электронды нұсқалары орналасқан. Ұстаздардың айтуынша, электронды оқулықтар оқушыға тақырыпты қызықты және жан-жақты түсінуге ғана емес, өткен сыныптың бағдарламасын қайталап, қарауға, жоғары сыныптың бағдарламасымен танысуға да мүмкіндік береді. Оқушылардың да аталмыш оқулықпен оқығанда сабақ үлгерімдері жақсара түскен. Ерекшелігі сол, мұнда кез келген гаджет арқылы үй тапсырмасын орындауға болады және оқулықты тасудың еш қажіттілігі жоқ.
Семинарды алдымен «А-Status» мектеп-гимназия, балабақша кешенінің директоры Ержан Рәпілбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, оның жұмысына сәттілік тіледі. Келесі кезекте «Алматыкітап баспасы» баспасының жетекші маманы Елена Капранчик электронды оқулықтардың жоғарыдағыдай мүмкіндіктері мен артықшылықтарына тоқталды. Мұнан соң мамандар электронды оқулықтарды бастауыш сыныптарда қолдану, тәжірибе жүзінде пайдалану мүмкіндігі, тиімділігі турасында жан-жақты түсіндірді.
Бұл күні сондай-ақ мектеп басшылары мен мұғалімдерге арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды.
Семинарды аталған білім ұясының негізін қалаушы Сәуле Рысбаева қорытындылап, қазіргі таңда электронды оқулықтарға көшу – заман талабы екендігін айта келе, барша ұстаздар қауымының еңбектеріне табыс тіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support