Тараздық дәрігерлер 13 жасар қыздың асқазанынан 1 килограмм 200 грамнан астам, ұзындығы 40 сантиметрге жететін шаш алды. Облыстық балалар ауруханасы ота бөлімінің меңгерушісі Мәулім Кенжалының айтуынша, байзақтық оқушыға ота 20 ақпан күні жасалған. Науқас одан 2-3 күн бұрын асқазандағы ауырлық, тамаққа тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту сынды шағымдармен дәрігерлерге қайырылған. Тиісті тексерулерден өтіп, ультрадыбыстық зерттеу жасалған соң науқасқа ота жасау жөнінде шешім қабылданған. Нәтижесінде дәрігерлер Мәулім Қазиұлы мен Эльбрус Салпағаров жасаған ота сәтті шығып, қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты. Әзірге 10-14 күнге дейін дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады деп күтілуде. «Осыншама шаш асқазанда қалай пайда болуы мүмкін?» деген сауалымызға Мәулім Қазиұлы науқастың бала кезде шашын аузына салып жүру сынды әдеті болғандығымен байланыстырады. Айта кетейік, мұндай оқиға Таразда тұңғыш рет орын алып отырған жоқ. Осыдан 5 жыл бұрын, 2015 жылы да аталмыш ауруханада 11 жасар қыздың асқазанынан 1 килограмнан астам шаш алынған еді.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




