Бүгінде ауданда мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына ие болған жастар қатары артып келеді. Соның бірі – Сарыкемер ауылының тұрғыны, көп балалы ана Ланнура Кужекова. Ол өткен жылы «Жан» дүкенінің екінші қабатынан жалға орын алып, тігін цехын ашқан болатын. Құрал-жабдықтарын да өз қаражатына алып, жұмысын бастап кеткен еді. Тігін цехына қосымша құрал-жабдықтар алу үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасына қайырылған ол күзде «Бизнес- Бастау» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқу курсын аяқтады. Сөйтіп өзінің жеке бизнес-жоспарын қорғап шығып, 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. Қазір Ланнура тігін цехына бір электронды тігін және тамбур кесте машинасын сатып алған. – Біз балалармен қатар үлкендерге арналған жейделер, әйелдерге көйлектер тігеміз. Сондай-ақ халқымыздың ұлттық киімдері: камзол, бешпет, шапанның алуан түрін тігіп, сауда нүктелеріне шығарудамыз. Бұдан бөлек, келушілерімізге киім қысқарту, қалпына келтіру қызметтерін де көрсетудеміз. Дайын өнімдердің бағалары сән үлгілері мен тігу-пішудің күрделілігіне қарай қойылады. Бүгінгі таңда ұлттық нақыштағы киімдерге деген сұраныс артып келеді. Дайын өнімдерімізді Алматы, Шымкент және Атырау қалаларына жіберіп тұрамыз. Біз тіккен киімдер тұтынушылардың көңілінен шығып жатса еңбегіміздің ақталғаны деп білемін, – деді ол. Ланнураның алға қойған мақсаты да жоқ емес. Келешекте тігін цехын кеңейтіп, жұмысшы алмақ. Алдағы уақытта өзінің жеке ғимаратында тігін шеберханасын ашу да жоспарында бар екен. Қазіргі таңда ол үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Бірі киім пішсе, бірі тігеді, келесісі моншақтармен көмкереді.
Гүлжан РУСЛАНҚЫЗЫ, журналист.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді