«Кедергісіз келешек» жобасы аясында

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында
ашық дереккөз
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясы мен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағыты бойынша аймақтық комиссиясының мүшелері «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында арнайы рейд ұйымдастырды. Тараз қаласындағы қоғамдық көліктер мен аялдамалардың мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуі бойынша «СапарТранс-2012», «ӘулиеатаТрансПасс», «Дмитрий и К» серіктестіктерінің жұмыстарын зерделеген топ бірқатар кемшіліктерді анықтады. Қазіргі таңда Тараз қаласында 10 тасымалдаушы мекеменің күнделікті 41 бағыт бойынша әртүрлі маркадағы 549 автобусы мен шағын автобустары қызмет көрсетеді. Іс-шара барысында комиссия мүшелерімен қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер мен аялдамалардың ешқайсысы мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделмегендігі анықталды. Сонымен қатар Тараз қаласындағы автобустардың уақтылы жүруін бақылауға арналған GPS құрылғылары кейбірінде қосылмағандығы, бекітілген кестеден уақытының ауытқуы және аялдамаларды автоматты түрде хабарлайтын «автоақпараттандырғыштар» жоқтығы байқалды. Зерделеудің қорытындысы мен анықталған мәселелерге байланысты жергілікті атқарушы органдарға қолданыстағы заң шеңберінде тиісті ұсыныстар жолданбақ. Ұсыныстардың орындалуы партияның бақылауында болып, жоғарыда аталған комиссиялардың бірлескен отырысында жауапты мекеме басшыларының есептері тыңдалатын болды.

«Aq jol-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар