Күннің ыстығына қарамастан, Пионер ауылының қырманында қызу еңбек. Жал-жал болып үйілген арпа-бидайды қамбаға кіргізіп жатқан үш қырманшы жігітте дамыл жоқ.
Қырманнан шығып, ауылдан таяқ тастам тұстағы жоңышқалық алқапқа бет түзедік. Шөп оратын «Нива» агрегаты және тағы бір «МТЗ-80» тракторы жүйекте жатқан шөпті тайлап барады. Жақындай түскенде алқап ортасында жұмысты бақылап тұрған ұзын бойлы жігіт ағасына жолықтық. Күн қақтаған беті оны нағыз дала еңбеккері екендігін айғақтап тұрғандай.
– Аты-жөнім – Ержан Нұрдәулетов. Шаруашылықта мал азығын дайындаушы өндірістік бригаданың бригадирімін. Осы салада жүргеніме қырық жылдай уақыт болды, – деп өзін таныстырды да, әрмен қарай сөзін жалғады, – Біз тұрған алқапта 42 гектар жоңышқа бар. Екінші орымын бастағанымызға бірнеше күн болды. Жалпы, шөп оруға 11 техника жұмылдырылған. Ауыл маңынан шөп дайындауды аяқтаған соң, Мойынқұм өңіріндегі алқаптан осында қыстайтын мал үшін табиғи шөп дайындаймыз, – деді.
Дүйсенбек ОРМАНОВ, журналист.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




