
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан азаматтарға жылдық мөлшерлемесі 4 проценттен аспайтын шағын несие беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, – деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.Министр «Еңбек» бағдарламасының бірқатар тетігі жетілдірілгенін атап өтті. «Көп балалы және табысы аз отбасынан шыққан азаматтарға жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық мөлшерлемесі 4 проценттен аспайтын жеңілдетілген шағын несиелер беріледі», – деді Б.Нұрымбетов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Сонымен қатар енді қысқа мерзімді оқыту төртжақты келісімшарт жасау арқылы тек жұмыс берушілердің өтінімі бойынша жүргізіледі. Бұдан бөлек, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру үшін «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жаңа тетіктері енгізіліп отыр. «Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың, оның ішінде, табысы аз және көп балалы отбасылар арасында дамытудың маңызы зор. 2019 жылы бес өңірде 204 отбасын қамтыған «Менің кәсібім» жобасы басталды. Биыл «Жасыл экономика» коалициясымен бірлесіп, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсету жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді ол. Министр облыс әкімдіктерінен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударуды сұрады. Б.Нұрымбетовтің айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының еңбек нарығына қосып отырған үлесі зор. «Егер де бағдарлама болмаса, жұмыссыздық деңгейі қазір 4,8 процентті емес, 7,9 процентті құрайтын еді», – деді ведомство басшысы. zakon.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шын шеберге жол ашық
- 3 маусым, 2025
Жол сапасының нашарлауында жүк көліктерінің «үлесі» зор
- 30 мамыр, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді