- Advertisement -

Жапонияда карантинде тұрған кемедегі қазақстандықтардың кім екені белгілі болды

48

- Advertisement -

Кемеде қалып қойған қазақстандықтар жанында екі немересі бар екі әйел адам екен.

Сурет : Youtube19 Ақпан 2020, 09:35

Карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыздың жағдайы жақсы, бүгін олар соңғы рет медициналық сынама өткізеді, нәтиже жақсы болса, өз беттерімен елге оралады, деп хабарлады zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Жапония жағалауында карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт қазақстандықтың елге оралу мәселесі бүгін-ертең шешілетінін айтты. Нақтырақ айтқанда, ондағы карантин 19 ақпанда аяқталады.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

— Олардың жағдайлары өте жақсы. Ешқандай да шағым айтқан жоқ. Біздің ақпаратқа сәйкес, ол жерде жанында екі немересі бар екі әйел адам бар, қолдағы балалардың жасы — 8-12-де. Ертең 19-ақпанда карантин мерзімі аяқталады. Төртеуі қазір қауіпті вирустың бар-жоғын анықтау үшін сынама тапсырып, нәтижесін күтіп отыр. Нәтиже оң болса, отандастарымыз өз бетімен елге оралады. Карантин аяқталған соң, жолаушыларды кемеден шығару жұмысы басталады.

Бұл жұмыс, адамдар саны 3 мыңнан асатындықтан, екі күнге жоспарланған. Сыртқы істер министрлігі отандастарымызбен және Жапонияның денсаулық сақтау министрлігімен тұрақты байланыста. Жолаушылар тамақпен қамтамасыз етілген. Жапония тарапы кемедегі бақылау нәтижесінен соң барлық азаматтарды екінші мәрте тексеріп шықпақ. Егер қазақстандықтардан коронавирус анықталмаса, олар қалаған уақытында елге орала алады.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support