- Advertisement -

Коронавирус табылған жапон кемесінен адамдар сыртқа шыға бастады

54

- Advertisement -

Кемеден бірінші болып екі қарт адам, шамамен Жапония азаматтары шықты.

Сурет : Википедия19 Ақпан 2020, 10:04

Екі апталық карантиннен кейін Diamond Princess круиздік кемесіндегі жолаушылардың бірінші легі Йокогама портында жағаға шыға бастады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бірінші лекке коронавирус анықталмаған 500-ге жуық адам кіреді. Жолаушыларды тасымалдау үшін 16 автобус бөлінген. Оларға ақыны круиздік кеме операторы төлейді, жолаушылардың жағада болуына байланысты басқа шығындарды да өз мойнына алады.

Кемеден бірінші болып екі қарт адам, шамамен Жапония азаматтары шықты.

Карантин әлі аяқталған жоқ. Ол барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері кемеден шыққанға дейін жалғасады, — деді Йокогама портының қауіпсіздік қызметі.

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі жолаушылар мен жаңа коронавирус анықталмаған Diamond Princess командасының мүшелері 18 ақпаннан кейін лайнерден кете алады деп мәлімдеді. Бұл процесс 21 ақпанға дейін аяқталуы керек. Ал індетті жұқтырушылармен бір кабинада болған жолаушылар, олардан вирус анықталмаса да, кемеде қалып, қатаң бақылауда болады.

Карантинге жабылған кемеде Қазақстанның төрт азаматы бар: екі әйел және екі бала. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оларда вирус жоқ, олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Қазіргі уақытта кемеде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 542 адамды құрайды.

Diamond Princess круиздік кемесі 20 қаңтарда Йокогамадан саяхатқа шығып, 3 ақпанда кері оралған. Жолаушылардың арасында жаңа коронавирусты жұқтырған әрі кемедегі індеттің инфекция көзі Қытай азаматы анықталды. Ол 25 қаңтарда Гонконгтан түсіп қалған. Жапондық биліктің шешімімен 3,7 мың жолаушы мен экипаж мүшелері болған кемеде 5 ақпанда екі апталық карантин жарияланды.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support