- Advertisement -

Тарифтер бағасы өзгеріссіз қалдырылды

38

- Advertisement -

Тұрмаханбет ҚАЗАҚБАЙ

Өңірлік коммуникациялар қызметі «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап коммуналдық тарифтердің өзгеруіне байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.
Аталмыш брифингке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Ерболат Дүйсембиев және орынбасары Бауыржан Көрпебаев қатысты.
«Біздің департамент – облыс бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 57 түрін көрсететін 37 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган» деген Ерболат Еспайұлы сонымен қатар сумен жабдықтау, табиғи газды тасымалдау, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша, электр энергиясын беру, бөлу бойынша тағы да басқа бірқатар көрсетілетін қызмет түрлерін реттеумен қатар қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің бағаларын реттеуге құзырлы екендіктерін айтты.
Қорыта келгенде, 1 қаңтардан бастап тек қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «ЖамбылЖарықСауда» ЖШС-ның электр қуатымен жабдықтау қызметі бойынша тарифтер қайта қаралып, тарифтің өсуі тек бюджеттік мекемелерге қарастырылғандығы яғни 1 кВт/сағ. үшін 24,18 теңгеден 28,09 теңгеге дейін көтеріліп, 16,15 пайызды құрағаны, ал тұрғындар мен заңды тұлғаларға бекітілген тариф өзгеріссіз қалғаны мәлім болды.
Сондай-ақ жылу мен ыстық, суық сулар мен табиғи газ бағасы бұрынғы күйінде қалдырылғаны белгілі болды.
Брифингте журналистердің сұрақтарына нақты жауаптар қайтарылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support