Әлжан ана ауылындағы әлеумет тің жағдайы қалай?

Әлжан ана ауылындағы әлеумет тің жағдайы қалай?
ашық дереккөз
Әлжан ана ауылындағы әлеумет тің жағдайы қалай?

Сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Қасық ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралады.

Алдымен округ орталығы саналатын Әлжан ана ауылындағы тәулігіне 15 емделушіге сапалы медициналық қызмет көрсетуге қабілетті амбулаторияда болды. Нысандағы штаттық бірліктегі 14 қызметкердің екеуі – дәрігер, жетеуі – орта буынды медициналық маман. Облыс әкімі мұнда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, вакцинациялау мен скрингтеу, пациентпен жұмысты жақсартуға назар аударды. Сол ауылдағы тарихи музей мен Мәдениет үйінде болған Бердібек Мәшбекұлы жастардың мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру, олардың қызығушылықтарына қарай түрлі үйірмелер ашуға мән беру қажеттігін тілге тиек етті. Мәдениет үйі жанында кітапхана, домбыра үйрету, вокал үйірмелері жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл үйірмелердің жұмысы жандана түспек. №23 Т.Рысқұлов атындағы мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу кезінде өңір басшысы ұстаздардың назарын тәрбие беруде ата-анамен тығыз байланыста болуға аударды. Бұл оқу орнындағы 850 оқушыға 85 педагог білім береді. Сондай-ақ спорт зал, заманауи үлгіде жабдықталған химия кабинеті, мультимедиялық кабинеттер, жоғары сынып оқушыларына арналған шеберхана, үлкен кітапхана бар. Бердібек Сапарбаев аталған нысанға биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ұсынысын қолдады. Қордай ауылының маңында орналасқан әмбебап аквапоникалық жылыжай тек қана көкөністер мен аскөк өсіріп қоймай балықтардың бабын табуға мүмкіндік береді. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын жылыжайдың аумағы 0,7 гектарды құрайды. Нысан өткен жылы пайдалануға берілген. Толық қуаттылығына енгенде онда 20 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазірдің өзінде жылыжайда гидропоника әдісімен көкөністің 15 түрі өсіріледі екен. Сондай-ақ 0,2 гектар жерге құлпынай тұқымы себілген. Өңір басшысы жергілікті тұрғындарды қысқы мерзімде қажетті өнімдермен арзан бағада қамтамасыз ету үшін жоғары технологиялы жылыжай шаруашылығын белсенді дамытуға мән беруді тапсырды. Жұмыс сапарын қорытындылаған Бердібек Сапарбаев барлық тапсырмалардың өз уақытында сапалы орындалуы тиістігін ескертіп, оларды жеке бақылауына алатындығын жеткізді.

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар