Экономика
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ – БАСЫМ БАҒЫТ ТАРЫМЫЗДЫҢ БІРІ
- author «Ақ жол»
- 17 ақпан, 2020
- 343
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ – БАСЫМ БАҒЫТ ТАРЫМЫЗДЫҢ БІРІ
Былтыр облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдары 938 төтенше жағдайлар мен оқиғаларға 867 рет шықты. Ал өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері болса дабыл бойынша – 3782, оның ішінде өртке – 744, авариялық-құтқару жұмыстарына – 311, жану жағдайына – 2645, көрінеу жалған – 1, расталмаған жану фактілеріне 81 рет шұғыл жетті.
Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері жеке құрамының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 399 адам құтқарылды, 1306 адам эвакуацияланды, 92 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетілді. 2019 жылы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1003 жағдай бойынша әрекет етті. Авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар барысында 288 адам құтқарылды, оның ішінде 186-сы бала. 189 зардап шеккен адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды. 19 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетілсе, оның ішінде 6 бала бар. Су айдындарында 5 адам құтқарылса, оның 3-еуі бала. Алғашқы дәрігерге дейінгі немесе шұғыл психологиялық көмек көрсетілгендердің арасында да 5 баланың кездесуі жасөспірімдерге ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығын көрсетеді.
2019 жылы облыс аумағында 770 өрт тіркеліп, 7 адам қаза тапты. 9 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Материалдық шығын 99 миллион 916 мың теңгені құрады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау шеңберінде 2976 нысанға тексеру жүргізіліп, 12929 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 1685 лауазымды және заңды тұлға тартылды, оның ішінде 244 тұлға ескерту түрінде және 1441 тұлғаға жалпы сомасы 29 миллион 389 мың теңге айыппұл салынды. Өртке жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты 441 әкімшілік жаза қолданылды. Бұрнағы жылмен салыстырғанда өртке жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты салынған айыппұлдар саны 2 есеге, ал айыппұл сомасы 55 процентке артқанын атап өтсем деймін.
Өткен жылдың өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағында 1575,7 гектар алқапта 219 жану және 40913,16 гектар алқапта 15 орман өрті болды, одан келтірілген залал 17 миллион 380 мың теңгені құрады, сондай-ақ 527 гектар алқапта 7 дала өрті орын алып, келген залал 3 миллион 560 мың теңге болды. Табиғи өрттің пайда болуының негізгі себептері – адам және табиғи фактор болып табылады. 15 орман өртінің 12 оқиғасы немесе 80 проценті найзағай түсуіне байланысты, ал 3 оқиға халықтың отты абайсыз пайдалануына байланысты орын алды. Бұл –20 процент.
Табиғи өрттің алдын алу мақсатында ТЖ бөлімдері жеке құрамының, жергілікті полиция қызметінің және жергілікті атқарушы органдардың күшімен жалпы саны 97 адамнан тұратын 17 бірлескен ұтқыр топ құрылды, олар өрт қауіпті кезеңнен бастап бақыланбайтын ауыл шаруашылық өрттерінің алдын алу бойынша 680 рейдтік іс-шараларды жүзеге асырды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртегені үшін 111 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу – басым бағыттарымыздың бірі. Былтыр жергілікті бюджет қаражатынан алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 210 мың дана баспа өнімдерін (жадынамалар, парақшалар), 5 бейнеролик және 52 дана баннерлер дайындауға 1 миллион 983 мың теңге бөлініп, игерілді. Соңғы 3 жылда өрт пен тұншықтырғыш газбен улану оқиғаларына жүргізілген талдау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының 29 мың 315 үйі есепке алынды.
Жазғы суға шомылу маусымы басталғаннан бастап ТЖ департаментінде облыстың су айдындарында адамдардың қаза болу жағдайларының алдын алу бойынша жұмыс күшейтілгенін де атап өткен орынды болар. Сәуір айының үшінші онкүндігінде облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі ТЖ комиссиясының отырысы өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков мүдделі органдармен (жергілікті атқарушы органдармен, облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметімен, облыс әкімдігінің білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен) келісілген жазғы шомылу кезеңінде облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуын алдын алу бойынша бірлескен жоспарды бекітті.
Өткен жылдың ақпан айында департаментте «Жас Отан», «Бағыт» жастар қозғалысы еріктілерінің және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды. Өңірлік коммуникация қызметі арқылы көктемгі-жазғы кезеңдегі өзекті тақырыптарға 3 брифинг пен 1 баспасөз конференциясы өткізілді. Сәуір және мамыр айларында облыстық білім басқармасымен бірге 423 орта мектеп пен 20 колледжде 443 сабақ өткізілді. Басқармамен бекітілген және келісілген «2019 жылға арналған интерактивті сабақтар өткізу» жоспарына сәйкес, 156 орта мектепте «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында 16 интерактивті сабақ өткізілді.
Облыстық және республикалық телеарналарда 66 тікелей эфирде және жаңалықтар бағдарламасында хабарлар беріліп, мерзімді басылымдарда 89 мақала жарияланды. Имандылық ордаларында 42 рет судағы қауіпсіздік шаралары туралы әңгіме өткізіліп, білім ошақтарында ата-аналардың қатысуымен жиындар өтті. «Қауіпсіз жаз-2019» жоспарының іс-шараларын орындау аясында 11 рет қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізілді және оқушылар мен тәрбиешілердің алғашқы жүзу дағдыларына оқытылды. Суға түсуге тыйым салынған жерлерде 101 белгі және 45 ескерту сипатындағы ақпараттық стенд орнатылған. Суға шомылу маусымы кезеңінде халықты әлеуметтік қорғау орталықтарында есепте тұрған азаматтардың ішінен Тараз қаласында жаппай шомылу орындарында 10 адамнан тұратын 7 бекет құрылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларының қатысуымен өңірдің су айдындарында 902 рейд жүргізіп, әңгімелесу өткізілді. Сондай-ақ су айдындарында болған кезде ата-аналар мен балаларға жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырған жағдайда ата-аналардың жауапкершілігін түсіндіре отырып, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар бойынша рейдтер жүргізілді.
Бағдат ДАНИЛОВ,
облыстық төтенше жағдайлар
департаментінің бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді