Өңірімізде былтырдан бері азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласы мен аудандардағы бірқатар сауда орталықтары мен әлеуметтік дүкендерде арнайы тұрақтандыру қорының сауда сөрелері ашылған болатын. Онда әлеуметтік маңызы бар 8 тауар түрі төмен бағамен сатылуда.Енді тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары тиелген әлеуметтік автокеруен шалғайда орналасқан Мойынқұм мен Шу аудандарына жолға шықты. Бұл автокеруен сенбі күні Мойынқұм ауданының Мойынқұм және Бірлік, жексенбі күні Шу ауданының Шу қаласы мен Төле би ауылдарында жәрмеңке өткізбек. Тараз қаласының шығыс қақпасынан төрт жүк автокөлігіне азық-түлік тиелген автокеруенді шығарып салу іс-шарасына облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев қатысты. – Өңірімізде бағасын тұрақтандыру мақсатында аудандарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тиелген автокеруенді жөнелткелі тұрмыз. Олар Мойынқұм мен Шу ауданында бұл тауар түрін нарық бағасынан 20-50 процент жеңілдетілген бағамен өткеретін болады. Екі ауданға жалпы құны 5,6 миллион теңгені құрайтын 50 тоннаға жуық азық-түлік тауары жөнелтілді. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге ондағы кәсіпкерлер де қатысып, екі күн халыққа өз тауарларын ұсынатын болады, – деді ол. Осыдан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тиелген автокеруен жолға шықты. Оған тиелген картоп – 15, пияз – 4, сәбіз – 4, сұйық май – 1, қант – 3, күріш – 5, қарақұмық – 2, бірінші сұрыпты ұн – 12 тонна. Жәрмеңкеде картоптың келісін – 80, пиязды – 45, сәбізді – 50 теңгеден, нарықтағы бағадан 30-50 процент төмен бағамен өткермек. Бұдан бөлек, бір адамға шекті көлеміне сәйкес 5 литрлік сұйық май – 325 теңге (нарықтағы бағасы 418 теңге), 25 килограмм күріш – 240 (266 теңге), 5 килограмм қарақұмық – 250 (350 теңге), 50 килограмдық бірінші сұрыпты ұн – 120 (148 теңге) теңгеден өткерілетін болады. Мұндай жәрмеңке алдағы әр аптаның сенбі және жексенбі күндері кестеге сәйкес барлық аудандарда өткізіледі. Келесі аптада Сарысу, Талас, Меркі, Қордай аудандарында өткізу жоспарланған.
Марат Құлибаев
Тараз қаласы.
Суреттерді түсірген Юрий КИМ.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді