Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұр­ғын­дар арасында жаппай төбелес, жанжал болды. Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды. Мен қаза болған азамат­тар­дың отбасыларына көңіл айтамын. Зар­дап шеккендердің тезірек сауы­ғып кетуіне тілек­теспін. Қазір полиция мен Ұлттық ұлан бұл жағдайды бақылауға алды. Осыған орай, мен Үкімет комис­сиясын құруды тапсырдым. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді. Үкімет комиссиясы болған оқи­ғаның себебін анықтайды. Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болған­дарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ жағдайды тұрақ­тандырумен айналысады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анық­талып, қатаң жауапқа тартылатын болады. Бас прокуратураға, Ұлттық қауіп­сіздік коми­тетіне тиісті тапсырма бердім. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді. Мемлекеттік органдарға осы ауыр кикіл­жіңнің салдарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет. Осыған байланысты мыналарды тапсырамын: Бірінші, Премьер-Министрдің орын­басары Бердібек Мәшбекұлы Сапар­баевтың төрағалығымен Қордай ауда­нындағы оқиғалардың салдарын жою бойынша Үкіметтік комиссия құру. Алдымен жанжалдың негізгі себеп­терін анықтау керек. Әлеуметтік-экономикалық жә­не гуманитарлық сипаттағы мә­селелерді жедел шешуді қамта­масыз ету қажет. Үкіметтік комиссия Жамбыл облысының әкімімен бірлесіп қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруы, шығынның көлемін анықтап, зардап шеккендердің меншігін қалпына келтіру жоспарын қабылдауы тиіс. Барлық қаза тапқандар мен жара­ланғандар­дың отбасына қажетті көмек көрсету керек. Қазір тұрғындарды тыныштан­дыру маңыз­ды. Бұл жұмысқа беделді адамдар, сондай-ақ Қазақ­стан халқы Ассамблеясы тартылсын. Екінші. Бас прокурорға Қордай ауданын­дағы оқиғаларды тексеруді ерекше бақылауға алу және бұл үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құру қажет. Кінәлілер қатаң жазалануы тиіс. Үшінші. Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті, Бас про­­­куратура қажет­ті тергеу іс-шар­аларын жүр­гізіп, ұлт­ара­лық араздыққа шақыр­ған­­дарды, аран­да­ту­­шы­лық қауесет­тер мен жалған ақ­параттар тарат­қан­дарды жауапкер­шілікке тартулары тиіс. Қадірлі отандастар! Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – біздің мемлекетіміздің берік негізі. Халқымыз қиын-қыстау замандарда өзінің біртұтастығын сақтап қалған. Сон­дықтан біз кейбір азамат­тарға, соның ішінде арандату­шы­ларға еліміздің басты құнды­лығын – ынтымақ-бірлігімізді бұзуға жол бермейміз. Бұл еліміздегі барша азаматқа ортақ тілек деп санаймын. Азаматтарды жалған қауесет­терге бой алдыр­мауға, қоғамдық қауіп­сіз­дік­ті қамта­масыз ету жұмы­сын­да құқық қорғау органдарына көмек беруге шақырамын. Мемлекеттік органдар туын­даған мәселе­лерді шешу үшін барлық қажетті шараны қабылдайды. («Egemen Qazaqstan», 10 ақпан 2020 жыл).

Ұқсас жаңалықтар