- Advertisement -

Жансейіт Түймебаев Қордай ауданындағы этно-мәдени бірлестік басшыларымен кездесулер өткізді

30

- Advertisement -

Жансейіт Түймебаев Қордай ауданындағы этно-мәдени бірлестік басшыларымен кездесулер өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі тапсырмасы бойынша Үкімет комиссиясының құрамымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев сенбі күні Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХА баспасөз қызметінің мәліметінше, Қордай ауданындағы Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елдімекендеріндегі жағдаймен танысып, жаппай төбелес салдарынан қаза болған отбасыларға көңіл айтты. Ауруханада жатқан азаматтардың жағдайын біліп, жергілікті тұрғындармен, аудан ақсақалдарымен, ҚХА мүшелерімен, этно-мәдени бірлестік басшыларымен кездесулер өткізді.

Жексенбіде де комиссия жұмысын жалғастырып, қазақ-қырғыз шекара пункттеріндегі ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, тұрғындарды үйлеріне қайтып оралуға шақырды.

Сондай-ақ Жансейіт Түймебаев орын алған оқиғаның тек тұрмыстық сипаттағы кикілжің екенін тағы да атап өтті.

«Өңірдегі тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған Үкімет комиссиясы оқиғаның салдарын жою бойынша барлық қажетті шараларды атқаруда. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Кінәлілер, жеке азаматтар, әсіресе кикілжіңді тудырғандар мен арандатушылар заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім еліміз үшін ең қымбат қазына екенін ұмытпауымыз керек», деді Жансейіт Түймебаев.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support