- Advertisement -

Үкімет комиссиясының мүшелері Қордай ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындарымен кездесті

32

- Advertisement -

Үкімет комиссиясының мүшелері Қордай ауданындағы бірнеше ауылдың тұрғындарымен кездесті

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Кездесулерге Парламент Сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қатысты.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде Үкімет комиссиясының мүшелері құқықтық тәртіпті сақтау, келтірілген залалды қалпына келтіру, болған оқиғаның жай-жапсарын объективті анықтау, бірлік пен татулықты сақтау бойынша бұдан кейінгі шаралар, болашақта мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шараларын қабылдау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды ұсталған азаматтардың тағдыры алаңдатты.

«Құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатын болады. Тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы заң бойынша жауап береді. Қазір жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, ол барлық жағдайды анықтайтын болады», — деді вице-премьер.

Тұрғындар ауылдастарын сабырға, тәртіпті сақтауға шақырды.

«ҚР заңдары бар, құқық қорғау органдары бар — мұны басты назарға алу керек. Не болғанына объективті сараптау жасап, кім кінәлі екенін анықтау керек. Біз өз бетімен жазалауға жол бермеуіміз керек. Бастысы — қоғамда бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтау», — деді ауыл тұрғындарының бірі.

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында жұмысын жалғастыруда.

 

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support