СУ ҚҰБЫРЛАРЫ СӨЗ БОЛДЫ

15

Көкбастау ауылдық оругінің әкімі Ержан Серкебаев Көктөбе ауылының орта мектебінде

2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде берген есебін алдымен ауыл шаруашылығы саласынан бастады.

Ержан Байұзақұлының айтуынша, ауылдық округтің жалпы жер көлемі 39 091 гектарды құрайды. Ал елді мекендердің жері 2096, ауылшаруашылық жерлері 21 555 гектар. Күздік бидай себілген жер көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 40 гектарға ұлғайып, 580 гектарға жеткен. Сондай-ақ, картоп егілген жер аумағы 20, мақсары 80, көпжылдық екпелер 20 гектарға ұлғайған.

Бірақ, мүйізді ірі қара саны азайыпты. 2018 жылы округте 3475 мүйізді ірі қара болса, былтыр ол 3300-ге кеміген. Қой-ешкі 5369 басқа, жылқы 90 басқа артыпты.

           Ауылдық округте 148 шаруа қожалығы тіркелсе, оның ішінде 13-і егін шаруашылығымен, қалғандары аралас ауыл шаруашылығымен айналысуда. Бүгінге дейін зерделеу нәтижесінде   6 шаруа қожалық не малмен, не егінмен мүлдем жұмыс жүргізбейтіні анықталған.

      Округтегі жұмыспен қамтылған адамдар саны – 56. Оның ішінде тұрақты жұмысқа – 11, ақылы қоғамдық жұмысқа – 13, жастар тәжірбиесімен – 8, маусымдық жұмысқа – 24 адам қамтылды. Шағын несие алғандар саны – 3 адам. 157 азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, оның ішінде 7-еуіне шартсыз әлеуметтік көмек тағайындалған.

          2018 жылы 4 көкбастаулық 12 700,0 мың, былтыр 5 адам 16 800,0 мың теңге шағын несие алған. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша Көктөбе орта мектебіне келген жас маман Сәулеш Тәжібаеваға 3 787 500 теңге тұрғын үй алуға несие берілген.            

Мұндағы шешімін күткен өзекті мәселе ретінде пайдаланылып келгеніне 25 жылдан асып кеткен су құбырларын айтуға болады. Қазіргі таңда құбырлар тозығы жетіп, ауыстыруды қажет етеді.

Аудан әкімі Нарбай Ергебеков қатысқан есеп беру жиынында дін, құқық бұзушылық сынды салалар мен индикаторлардың орындалуы да толықтай талқыланды. Өзекті мәселелер, алдағы жоспарлар түзілді.

Басқосу барысында жарыссөзге шыққан Көктөбе ауылының тұрғыны Оразалы Көпбаев ауылындағы Жамбыл көшесіне жол төсеу керектігін, ауыз су құбырларының ескіргенінен су түсі өзгеріп, ластанып тұратындығын жеткізді.

Ал Қосбөлтек ауылының тұрғыны Базарбек Сұлтанбеков Теріс ауылының орталық алаңына қоршау жұмыстарын жүргізу және Теріс ауылы  Бектеміс көшесі мен Тәліп көшесінің арасына жаяу жүргіншілер жолын төсеу керектігін айтты.

Өз кезегінде ауылдық округ әкімі аталмыш мәселелерден хабардар екенін, алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

 

Фариза АЙТБЕК,

аудан әкімнің баспасөз хатшысы.

Жуалы ауданы.

.

 

 

Comments are closed.