- Advertisement -

Google бірінші рет YouTube хостингінің жарнамадан түсетін табысын жариялады

76

- Advertisement -

© bitnovosti.com

Alphabet холдингі өзіне тиесілі YouTube видеохостингі қанша табыс табатыны туралы мәліметтерді жариялады. Компания сайтында жылдық есеп жарияланды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Alphabet — Google-дың бас компаниясы. Олар 2006 жылы YouTube желісін 1,65 миллиард долларға сатып алған болатын. Содан кейін холдинг жарнамадан түсетін табысы туралы жазбаған.

2019 жылы YouTube жарнамадан 15 миллиард доллар табыс тапқан.

Осы қызмет түрі компанияға бүкіл табысының (162 миллиард доллар) 10 пайызына жақындаған. Alphabet табысы бір жылда 18 пайызға өскен.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support