Энергия үнемдеудің барлық мүмкіндіктері қарастырылуда

Энергия үнемдеудің барлық мүмкіндіктері қарастырылуда
ашық дереккөз
Энергия үнемдеудің барлық мүмкіндіктері қарастырылуда

Жамбыл өңірі «Жасыл экономика» бағдарламасын жүзеге асыруға қолайлы аймақ санатында. Оған облысымызда күн, су және желден қуат алатын баламалы энергия көздерінің қанатқақты жобаларының іске асырылуы дәлел. Энергия үнемдеу – уақыт талабы. Біз озық технологияларды өндіріске енгізу арқылы табиғат көздерінен энергия алып, шығындарды азайтуға қол жеткіздік.

Өңірімізде жалпы қуаты 268,7 МВт құрайтын 12 нысан жұмыс істеуде. Бұл республикада өндірілетін энергияның 26 процентін құдайды. Бұған су, жел, күн электр стансаларының қосып отырған үлесі зор. Атап айтсақ, Меркі – 1,2,3 ГЭС-тері мен Қарақыстақ, Тасөткел ГЭС-терінде 15,1 МВт электр энергиясы өндірілуде. Сонымен қатар 3 ЖЭС-ның нысандары – 53,1 МВт, «Vista International» ЖШС – 21 МВт, «Ветроинвест» ЖШС – 30,6 МВт, «Қордай К-1» қуаттылығы 1,5 МВт, 4 КЭС-ның нысандары жалпы қуаты 200,5 МВт құрайтын энергия өндіруде. Бұдан бөлек, алдағы бес жылда жиынтық қуаты 133 МВт құрайтын 5 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде жиынтық қуаты 23 МВт құрайтын 2 су электр стансасы, 110 МВт-ық 3 жел электр стансасы бар. Болашақта бұл жобалар іске асырылғанда өңірімізде өндірілетін қуат көзі 402 МВт-қа жетіп, республикада 30 процентке артпақ. Биыл Тараз қаласында қолданыстағы 172 көшенің жарық шамдарын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 14 131 дана диодты шамдармен ауыстыру жоспарланған. Мұның өзі электр энергиясының шығынын 50 процентке төмендетпек. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» жобасы аясында 4 қалада 1 182 миллион теңгені құрайтын 39 үй жөндеуден өтіп, электр қуатымен қамтылды. Атап айтсақ, Тараз қаласында – 30, Жаңатаста – 1, Қаратауда – 5, Шуда 3 үй қайта жөндеуден өткізіліп, үнемделген электр қондырғыларымен жабдықталған. Сонымен бірге Терможаңғырту бойынша жөндеуден өткен 39 тұрғын үйде 36 310,6 шаршы метр шатыр, 1205 шаршы метр кіреберіс терезелері, 11494 метр жертөледегі жылу құбырларын ауыстырып, оқшаулау жұмыстары атқарылды. Биыл 3 қалада 89 көп қабатты тұрғын үйді жөндеу жұмыстары жоспарланып, жалпы 95460 шаршы метр шатыр, 3613 шаршы метр кіреберіс терезелерін және 39110 метр жертөледегі жылу құбырларын ауыстыру, оқшаулау жұмыстары жоспарлануда. Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында жүйелі жұмыстар істеуде. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шу-Жылу» КМК орталық қазандығының КЕ-25/14С маркалы екі бу қазаны газға ауыстырылды. Жабдықтарды орнату электр энергиясын тұтынуды және негізгі отынды сатып алу құнын төмендетуге мүмкіндік берді. Осылайша орташа жылдық энергия үнемдеу 350 мың кВт құрады. Бұл кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін айтарлықтай жақсартты. «Шу-Жылу» КМК-да қуаты 30 кВт және 110 кВт электр қозғалтқышы бар сорғы жетегі үшін электрлік жиілікті түрлендіргіш орнатылды. Жиілікті түрлендіргіш бір уақытта жұмыс үдерісінің реттегіші және тұрақтандырғыш ретінде жұмыс істейді. Оның көмегімен жылу жабдықтары жұмысының жоғары тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда электр күшінің деңгейі және қозғалтқыштың айналу жиілігі төмендейді. Құбырларда артық сорғыны түзудің алдын алады. Жиілікті түрлендіргіш – электр энергиясын үнемдеудің ең маңызды аспектісі. Биыл энергия үнемдеу бойынша төмендегі жұмыстарды қолға алу жоспарланған. Атап айтсақ, республикалық бюджеттен Тараз қаласындағы М-2, М-4, М-3, ТК-124, ТК-228, 229 пенополиуретанмен қапталған құбырларымен қайта жаңғырту көзделген. «Таразтрансэнерго» МКК-да люминесцентті шамдардың орнына аналогты жарықдиодқа ауыстыру, жылу радиаторларға жылу шағылыстырғыш жабындарды орнату және инфильтрациялық ауа арқылы енетін жылу шығынын азайту үшін есіктер мен терезе жапсарластары тығыздалады. «Құлан-Энерго Жылу» КМК-да қазандықтардағы су айдағыш сорғыларын электр қуаты төмен су сорғыларға ауыстыру және қазандықтарға электр энергиясын үнемдеуші 20W-6400 K-185-256V шамдар орнатылады. ЕҚДБ-мен бірлесе іске асырылып жатқан жобаның басымдықтарының бірі – энергия тиімділігі мен өнімділігін арттыру. Жоба аясында 65 ұңғыма, қаланың екінші көтерімдегі сорғы стансаларының 8 сорғыларын ауыстыру, жиілік түрлендіргіштерді орнату, басқару шкафтары мен монометрлерді орнату қамтылған. Орнатылған сорғылардың өндірушісі – «GRUNDFOS» неміс компаниясы. Оның сорғыларының қуаттылығы 315 кВт/сағ, 280 кВт/сағ, алайда жиілік түрлендіргіштердің жұмысының нәтижесінде тек 100 кВт/сағ пайдалануда. Сонымен қатар басқару шкафтары арқылы жұмыс орны толықтай автоматтандырылып, сорғылардың жұмысын басқаруды – қашықтықта жүргізу мүмкіндігі пайда болды. Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде жалпы электр қуатын үнемдеу – кәсіпорын бойынша 25 пайызға жетті. Жалпы, облыс аумағында энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру мәселесі қалыпты деңгейде іске асырылуда.

Нұрлан АЛДАМЖАРОВ, облыс әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар