Инвесторлар игілігін көру үшін талап та, жоспар да керек

Инвесторлар игілігін көру үшін талап та, жоспар да керек
ашық дереккөз
Инвесторлар игілігін көру үшін талап та, жоспар да керек
Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Qyzylsha» ЖШС қант зауытының құрылысы мен Farm Frites фри картобы зауытының құрылысы жобаларының іске асырылуы бойынша инвесторлармен кездесті. Жиында Шу ауданындағы химиялық парктің экономикалық аймағынан салынып жатқан қант қызылшасы зауытының инвесторлары аймақ басшысына атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Құрылысы келер жылы аяқталатын жобаның құны 200 миллион еуроны құрайды екен. Өз кезегінде инвесторлар осы жылдың мамыр айына дейін 5 мың гектар жер қажет екенін жеткізді. Олардың бұл ұсынысына құлақ асқан аймақ басшысы жауапты тұлғаларға дер кезінде керекті жерді бөліп беруді тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшыларына инвесторларға берілген жерді пайдалануы бойынша нақты жоспарлары болуы қажеттігін баса айтты. Бұдан өзге Асқар Исабекұлы аталған аудандағы Тасөткел ауылындағы далаға кетіп жатқан суды осы инвесторларға берілетін жердің мәселесімен байланыстыра отырып шешу керектігін де атап өтті. Сондай-ақ Шу ауданы әкімдігіне осыдан екі жыл бұрын құрылған механикалық жасақтың жұмысы көңіл көншітпейтінін сөз етті. Себебі қант қызылшасы зауытының құрылысын жүргізіп жатқан инвесторлар аудандағы Далақайнар ауылы маңындағы жерге канал салуды жоспарлауда екен. Бұл орайда, облыс әкімі аудан әкімдігіне тез арада аталған жасақтың жұмысы туралы ұсыныстарын дайындап, жоспарларын өткізуді тапсырды. Жиын соңында аймақ басшысы аудандағы Тасөткел ауылы маңындағы суды ретке келтіру бойынша құрылатын комиссия құрамына инвесторларды да қосу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар наурыз айында аудандарға іссапары барысында қант қызылшасы зауытына арнайы атбасын бұратынын атап өтіп, ондағы құрылыс жұмыстарын жылдамдату қажеттігін баса айтты. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар