- Advertisement -

Алтын өндіретін зауыт салынады

27

- Advertisement -

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Aurum Deutschland» компаниясының өкілдерімен кездесті. Неміс инвесторлары өңірімізде алтын өндіретін зауыт салуға ниетті. Кездесуде қос тарап жобаның барысын жан-жақты талқылады.

Қазақстан нарығында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл компаниямен келіссөздер біраз уақыттан бері жүргізілуде. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 329 миллион евроны құрайды. Ал іске асыру уақыты – 9 жыл.
Биыл тау-кен комбинатының жобалау жұмыстары жүзеге асырылса, келесі жылы жоба аясында зауыттың құрылысы басталмақ. Зауытта жылына 5 тонна алтын өндіріледі деп жоспарлануда. Жергілікті билік зауыт салу үшін әзірге 300 гектар жер бөліп отыр. Құрылыс жұмыстарына 350 адам тартылмақ. Ал кәсіпорын толығымен іске қосылғанда 800 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Асқар Исабекұлы уақытты созбай, сөзден іске көшуді ұсынды. Компания кедергісіз жұмыс істеуі үшін жергілікті билік тарапынан барлық жағдай жасалатынын атап өтті. Атап айтсақ, бұл ауқымды жоба Қордай ауданында жүзеге асырылмақ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support