- Advertisement -

Руханият пен тарихтану саласындағы жаңа кешендер халыққа тиімді қызмет етсін

59

- Advertisement -

Облыстың 80 жылдық мерейтойына орай ашылған «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені көпшіліктің көңілінен шыққаны сөзсіз. Салтанаты жарасқан сәулетті кешенде бірнеше мәдени нысандар орналасқан. Оларды тиімді пайдалану – ендігі басты талап. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында осы мәселелер қозғалды.

Жиында аталған кешендегі Руханият және тарихтану орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, көркем сурет галереясы, қолөнер шеберлерінің орталығы, көрме павилондарының биылғы жұмыс жоспарлары сараланып, олардың штаттық кестелері қаралды. Ондағы мақсат – бой көтерген нысандарды бос тұрғызбай, игі іс-шараларды ұйымдастыруда тиімді пайдалану. Өңір басшысы осыған айрықша тоқталып, онда өтетін шаралардың тағылымдық мәніне баса мән беру, науқандық емес күнделікті жұмыстарды нәтижелі жүргізіп отыру керектігін айтты.
Облыс әкімі руханият және тарихтану орталығында рухани құндылықтарды жинақтау, жүйелеу және зерттеуді, оны насихаттау шараларын жүйелі жүзеге асыру қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ құндылықтар тағылымын бүгінгі өскелең ұрпақ бойына сіңіріп оны ұлттық тәрбие мектептерін қалыптастыруда негізге алудың маңыздылығына тоқталды.
Асқар Исабекұлы көне Тараздың тарихын зерделеу жұмыстарын жүйелей түсуге барынша көңіл бөліп, өңірдің тереңде жатқан құндылықтарын аршып алуға үлкен бетбұрыс керек екеніне баса назар аударып отыр. Бұл орайда М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен «Археология» факультетін ашу жоспарланып отырғандығын жеткізді.
Басқосуда тарихи дерекқор базасын құру, оны үнемі толықтыру жұмыстарын үйлестіру, ол бойынша аудандардан ұсыныстар жинақтау туралы мәселе көтерілді. Айта кетейік, аталған музей жаңа нысанда қайта ашылғаннан келушілердің саны 89 мыңнан асып жығылған.
Жиында елімізде теңдесі жоқ көркемсурет галереясын барынша ұтымды ұқсату да жайы да жан-жақты қозғалды. Сонымен қатар кешендегі қолөнер шеберлері орталығының жұмысы да өз жемісін бере бастағанын айта кеткен жөн. Бүгінге дейін онда қойылған бұйымдардың барлығы сатылып үлгерген. Бұл отандық бұйымдарға деген сұраныстың жоғары екендігін көрсетсе керек.
Облыс әкімі жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың музейін ақынның 28 ақпандағы туған күніне дейін ашуды, ол үшін тиісті жұмыстарды уақтылы жүргізуді жауапты тұлғаларға нықтап тапсырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support