«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Темір тордың аржағындағы 966 адам жұмыспен қамтылды

Темір тордың  аржағындағы  966 адам жұмыспен қамтылды
ашық дереккөз
Темір тордың аржағындағы 966 адам жұмыспен қамтылды
Қазіргі таңда жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту – басты мәселелердің бірі. Себебі жаза басып, өмірінің біраз бөлігін темір тордың ар жағында өткізіп жатқандарды қоғамға қайта бейімдеуде «екі қолға бір күректің» табылуы аса қажет-ақ. Облыс бойынша ҚАЖ департаментінде «Кіші және орта бизнес кәсіпорындарымен еңбекпен қамтылған сотталғандардың еңбек ақыларын төлеу тәртібі мен заң талаптарына сәйкестігі», сондай-ақ, «Заң талаптарындағы өзгерістер мен толықтырулар» атты тақырыпта өткен басқосу барысында осы мәселелер талқыланды. Жиынға облыс бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі А.Ильясов, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы, әділет майоры А.Тайтелиева және департаментке қарасты мекеме басшылары, ондағы сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға қызметкерлері және түзеу мекемелерінің аумақтарында орналасқан өндіріс нысандарында өз кәсіптерін ашып, сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған, сондай-ақ мекеме аумағынан тыс яғни Тараз қаласында орналасқан жеке кәсіпкерліктердің 39 жетекшісі қатысты. Кездесу барысында департаменттің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы, әділет майоры Аймен Тайтелиева баяндама жасап, еңбекпен қамтылған сотталғандардың қатарын көбейту, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылған іс-шаралар туралы хабардар етті. «Облыс және Тараз қаласы әкімдігі, облыстық, қалалық прокуратура, «Атамекен» ҰКП облыстық филиалы мен облыс бойынша ҚАЖ департаменті, «Еңбек-Тараз» кәсіпорнымен бекітілген меморандум аясында бүгінгі күнге дейін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін ҚАЖ департаментіне қарасты 5 мекемеде еңбекке жарамды 1859 сотталғандардың арасынан 966 адам жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, «Еңбек-Таразда» – 135, ШҚО-да – 156, сонымен қатар басқа да жұмыс орындарында 636 сотталған азамат жұмыс істеуде», – деді А.Тайтелиева. Баяндамашы сондай-ақ сотталғандарды сапалы еңбекпен қамтамасыз ету үшін кәсіби даярлау жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Оның айтуынша, ҚР ҚК 123-бабына сәйкес түзеу мекемелерінде кәсіби білімі (мамандығы) жоқ сотталғандарға техникалық, кәсіптік білім беру, кәсіптік даярлық жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып тұрады. «Мәселен, 2019-2020 оқу жылында ЖД-158/4 мекемесінің аумағында орналасқан №15 колледжде әртүрлі мамандықтар бойынша 390 сотталған азамат білім алуда. Атап айтқанда, ЖД-158/2 мекемесінен – 105, ЖД-158/4 мекемесінен – 171, сондай-ақ ЖД-158/7 мекемесінен 114 сотталған азамат оқып жатыр. Айта кету керек, ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі және мекеме аумағынан тыс жұмыс орындарына ең алдымен мемлекеттік және жеке талап қарыздары бар, сондай-ақ алимент төлеуге міндеттелген сотталған азаматтар тартылды. Осылайша, есепті кезеңде 25 миллион 245,4 теңге талап қарыздар толығымен жабылды», – деді баяндамашы. Бұдан кейін, ЖД-158/2,4,5,7 мекемелерінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының аға қызметкерлері рет-ретімен баяндама жасады. Олар өз сөздерінде жұмысқа орналасқан сотталғандардың өнімдері уақытында дайын және сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында сотталғандардың жұмысқа шығу кестесі қатаң бақылауға алынғанын, сондай-ақ жұмыс орындарындағы өрт қауіпсіздігі, коммуналдық қарыздарды өтеу, техникалық қауіпсіздік, санитарлық-гигиеналық нормалар талаптарын сақтау бойынша жұмыстардың тиісті дәрежеде орындалуына тексерістер күнделікті жүргізіліп жатқандығы туралы айтып өтті. Кездесу соңында түзеу мекемелерінің және «Еңбек-Тараз» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының басшыларына 2020 жылдың І тоқсанының соңына дейін ең төменгі айлық көрсеткіштің 50 процентіне сәйкестендіріп, яғни сотталғандардың жалақысын 22 250 теңгеге көтеруді қарастыру тапсырылды. Бұдан бөлек, түзеу мекемелерінің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының аға қызметкерлеріне мекемелердегі жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі, коммуналдық қарыздарды өтеу, техникалық қауіпсіздік бойынша жұмыстардың тиісті дәрежеде орындалуын назардан тыс қалдырмау жүктелді. Облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар