- Advertisement -

Қазақтың ақын Қадыры

73

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытындағы жоспарланған іс-шараларға және Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза-Әлінің 85 жылдығына орай облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері «Болашақ» мектеп интернатының оқушыларымен бірлесіп, «Ұлты мақтаған ұлы тұлға» атты танымдық сағат өткізді.
Танымдық сағат шын мәнісінде, тағылымды бастама болды. 5-сынып оқушысы Еламан Салауаттың орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні патриоттық рухты жаныса, Қадыр Мырза-Әлінің өмірі мен шығармашылығына арналған слайд, ақын туралы қысқа видеоролик оқырмандарды көптеген мәліметтерге қанық етті. Осы іс-шарадағы тағы мазмұнды жұмыс «Ұлты мақтаған ұлы тұлға» атты көрмесі екенін айта кету керек. Ол туралы кітапханашы Гүлнұр Құрақбаеваның жасаған шолуы да көпшіліктің көңілінен шықты.
Оқушылар Сұлтан Әмірбек «Не үшін?», Мәншүк Әмірбек «Ана тілі», Әлихан Қуанышбек «Мұғалім», Досымжан Сейдіахметов «Тағы да қазақтар қақында» атты ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ал жас өнерпаздар Асхат Байболов пен Еламан Қыдырбаев – «Жалқаубек», аталған кітапхананың тұрақты оқырмандары Әнуарбек Өтеуілов – «Сыған серенадасы», «Махаббат мұңы», Сағымкүл Шадырқұлова «Тамаша» әнін шырқап, мәдени кештің көпшіліктің көңілінен шығуына үлкен үлес қосты.

Есет досалы

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support