ЕАЭО көліктеріне "18" деген сары мемлекеттік нөмір беріледі

ЕАЭО көліктеріне "18" деген сары мемлекеттік нөмір беріледі
ашық дереккөз
ЕАЭО көліктеріне "18" деген сары мемлекеттік нөмір беріледі

Сонымен қатар, тіркеу туралы куәлікте жарамдылық мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін деп көрсетіледі.

Сурет : otyrar.kz27 Қаңтар 2020, 17:01
ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен, оның ішінде Армения мен Қырғызстаннан келіп алған көліктер үшін жеке мемлекеттік нөмір қолданылатын болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі. Брифингте Қожаев мұндай машиналардың иелеріне не істеу керектігі туралы әрекеттер алгоритмін айтты. Оның айтуынша, тіркеу үшін арнайы ХҚО-ға бірқатар құжаттар ұсыну қажет. Бұл жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірі, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ алғашқы тіркеу үшін төлем және мемлекеттік нөмір үшін төленген ақшаның түбіртегі.
- Қойылатын талаптар қарапайым, азаматтарға бұл машиналарды заңдастыруға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ утилизациялық төлем мен кедендік баж салығын төлеуге бір жыл мерзім беріледі. Ол автокөліктерге арнайы сериялы нөмірлер беріліп, тіркеу куәлігіне осы көлікті тіркеу шарттары туралы тиісті белгі қойылады, - деді ол.
Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары жаңа нөмірдің үлгісін көрсетті.
- Ішкі істер министрлігі үлгі ретінде сары фондағы нөмір шығарды. Бұл нөмір осы автокөліктерге беріледі. Сонымен қатар, тіркеу туралы куәлікте жарамдылық мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін деп көрсетіледі, - деп түсіндірді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар