- Advertisement -

Жамбылдықтардың жеңісі – ортақ істің табысы

22

- Advertisement -

Жақсы хабар жерде жатпайды. Ақпарат әлеуметтік желі, интернет арқылы тез тарайтыны белгілі. Біз үшін желдей ескен жақсы жаңалықтың бастысы – өңірлердің экономикалық көрсеткіштерінің ішінде Жамбыл облысының үздіктер қатарынан көрінуі болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтқанын естіп, қуанып қалдық.
Үкімет басшысының өзің тұрып жатқан өңірдің экономикалық көрсеткішінің жақсы екенін ерекше атап, баға беруі бәріміз үшін де мақтаныш. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес 7 көрсеткіш бойынша аталған 8 өңірдің ішінде біздің облыс екінші аталуы кездейсоқ емес. Өйткені облысымызға Асқар Мырзахметов келгелі барлық салада даму қарқыны байқалады.
Өңіріміздің дамуындағы оң серпін бүгінге дейін атқарылған жұмыстың жемісі деп білем. Өзім талай жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, зейнетке шықсам да облыстың экономикалық өсу қарқынын өзге өңірлермен салыстырып отыратыным бар.
Облыста өткен жылғы экономиканың өсуі 105,5 процентті құраса, басқа салаларда орта көрсеткіштен жоғары өсім болыпты. Ал құрылыс жұмыстарының 109 процентке орындалуы атап өтуге тұрарлық. Қазір Тараз қаласы мен аудан орталықтарын алсаң, барлығында көп қабатты тұрғын үйлер салынып, саябақтар мен аллеялар, туристік орталықтар ашылуда. Бір ғана Тараз қаласындағы №15 шағын ауданда 280 көп қабатты, 696 жеке тұрғын үй соғу жоспарланған. Екі жылда жиырмадан аса көп қабатты үй пайдалануға беріліп, 2000-ға жуық өңір тұрғыны пәтерлі болып, қоныс тойын тойлауда. Оның ішінде көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар.
Облысымызда бюджеттік кірістер артығымен орындалып, 99,9 процентке игеріліпті. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге 8,6 миллиард теңге несие берілсе, 2 мың жас 505 мың теңгеден 1,2 миллиард теңге грант алыпты. Бұл қаншама жастың жеке кәсібін бастауына жол ашты.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдау танытуы үлкен мәртебе болды. Бүгінде бұл жобаға енген өңіріміздегі 11 ауылдық округ тұрғындары 2,5 процентпен несие рәсімдеп, мал алуда.
Бұл – облыс әкімі Асқар Исабекұлының және жамбылдықтардың ортақ ісінің жемісі деп білемін.

Кемелбек ДӘУРЕНОВ,
Жуалы ауданының
Құрметті азаматы.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support