- Advertisement -

Халық тілегі қашанда маңызды

60

- Advertisement -

Қарасай ауылында аудан әкімі Болатбек Байтөле өткен жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында есеп берді. Аудан бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар ауыл тұрғындарына арнайы дайындалған бейнероликпен де ұсынылды.
Кездесу барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Руслан Нұрсипатов та атқарылған жұмыстары туралы есебін беріп, одан кейін дәстүрлі сұрақ-жауап басталмас бұрын аудан әкімі биылғы жылға аталмыш округ бойынша жоспарланып отырған жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Мысалы, биыл ауылдағы №20 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Қажетті қаржысы да бөлінген. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мектептің техникалық базасын жаңарту үшін компьютерлер берілетін болады. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Сұраншы және Жәпек батыр көшелерінің қиылысы жөндеуден өтеді. Қарасай мен Еңбек ауылдары арасын жалғайтын жолға да ағымды жөндеу жұмыстары жасалса, Қаракемер-Еңбек-Қарасай ауылдарын жалғастыратын жолды ағымды жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжат әзірленген.
Аудан басшысы Еңбек ауылы тұрғындары үшін де жағымды жаңалық айтты. Биыл ауылдық клубқа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Айта кетерлігі, өткен жылдың күз айларында аудан басшысы аталған округке жұмыс сапарымен келгенде сол клубқа арнайы барып, жағдайымен танысып, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тапсырма берген еді.
Б.Байтөле жиналған қауымға биылғы жылдан бастап қолға алынғалы отырған «Ауыл – ел бесігі» жобасы туралы түсінік беріп, бүгінде оның Қарасай ауылдық округіне қолға алынып отырғанын айтты.
Сұрақ-жауап кезеңінде сөз алғандар қатарында ауыл тұрғыны Бекет Құдайбердиев ауыл тұрғындары атынан ауызсу жайының шешімін тауып отырғанына алғысын білдіріп, ауыл маңындағы қайнардан қосымша су тарту арқылы су қорын молайтуға болатыны туралы ұсынысын айтты. Ауыл тұрғындары пошта жұмысына деген шағымдарын да жеткізді. Бұл мәселенің мән-жайына қанық екенін айтқан аудан басшысы, пошта байланыс торабының облыстық басшылығына жағдайдың жеткізілгенін, бұл сұрақ үнемі бақылауында екенін айтты. Округ тұрғындары атынан сөйлеген Кеңсат Бегалиев «Ақжал» каналының жайын көтеріп, ол бойынша «ҚазСуШар» мемлекеттік мекемесінің Қордай аудандық филиалы басшысы Денис Коновалов түсініктеме берді.
Есептік кездесу барысында тұрғындар тарапына түскен сұрақтар мен ұсыныстар аз болмады. Жиын соңында ауыл тұрғыны, Қордай ауданының Құрметті азаматы Асық Уәлиев аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Фарида Қорабай,
аудан әкімі баспасөз хатшысының міндетін атқарушы.

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support