Бразилияда су тасқыны болып, 30 адам мерт болды
![Бразилияда су тасқыны болып, 30 адам мерт болды](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/01/27/200126225959519a3607786i.jpg)
Бразилияның Азаматтық қорғаныс Ұлттық басқармасының мәліметі бойынша, табиғат апатынан мерт болғандар саны сенбі күні 25 болып, жексенбі таңертең 30-ға жетті. Одан бөлек, 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті, жеті адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. 2 500-нан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Белу-Оризонти штатының астанасында бейсенбіден жұмаға дейін, 1910 жылы бақылау басталғалы болмаған рекордтық мөлшердегі жауын-шашын – 171 миллиметрден көп түскен.
Синоптиктердің айтуынша, жексенбіден бастап жаңбыр мөлшері азая бастайды. Басқарма мәліметінше, штаттағы 9 қала мен Белу-Оризонти штатында көшкін жүру қаупі бар. Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді