«Accelerated Evolution Biotechnologies» атты израильдік фармацевтикалық компания бір жылдан кейін «қатерлі ісіктен толық айықтыратын» дәріні шығармақ. Компания өкілдерінің бірі Дэн Аридордың сөзіне сенсек, бұл револциялық қадам болғалы тұр. «Біздің өнім бірден әсер етеді және әсері бірнеше аптаға созылады. Сондай-ақ нарықтағы өзге дәрі-дәрмекке қарағанда арзан тұрады», – деді ол. Компания мәліметіне сүйенсек, жаңа дәрі MuTaTo деген атау алмақшы. Бұл сөз «көпмақсатты токсин» деген мағына береді. Ол қатерлі ісік жасушаларын бірнеше әдіспен жояды: оның ішінде аминқышқылдармен біріге отырып қатерлі ісік жасушаларына шабуыл жасайды. Мұндай жоспарлы шабуыл емнің тез қонуына ықпал етпек. MuTaTo әдісі ауыр халдегі науқастарға да көмектеседі екен. Ол үшін науқастан арнайы сараптама алып, индивидуалды коктейль беріледі. Компанияның өз өнімін тышқанға берген тәжірибесі сәтті өткен. Олар енді клиникалық тәжірибе жасауды көздеп отыр. Бірақ бұл дәрінің нарыққа шығуына бір жылдан бес жылға дейінгі аралықта уақыт қажет.
«bairaq.kz».
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




