Кітап – адамның жан азығы, рухани байлығы. Сондықтан кітап оқу, оны қаттап жинау – мәдениеті биіктердің бір ісі.
Дегенмен ескірген немесе бір кітаптың әр жылдарда жарық көрген бірнеше данасы жиналып қалған адамдар оларды біреуге сыйға тартқысы келеді. Осыған орай облыстық «Aq jol» газеті тұрғындардан басы артық кітаптарды жинау акциясын ұйымдастырып отыр. Осы акция аясында оқырмандарымыз өз үйлеріндегі басы артық, оқып қойған қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдердегі кез келген кітаптарын редакцияға әкеліп, тапсыра алады. Іс-шара барысында жиналған кітаптар шалғай ауылдардағы мектептердің кітапханаларына тапсырылады. Ал редакцияға 25 кітаптан артық өткізген оқырмандарымыздың есімін, егер өздері қарсы болмаса, фотосымен бірге газет бетіне жариялаймыз.
Басы артық кітаптарыңызды редакцияға әкеліп тапсыруға асығыңыздар, құрметті көпшілік!
Хабарласу үшін тел: 43-17-07, 45-48-09, 43-15-26 Ұялы тел: 87782512595, 87783504963, 87078604758
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




