- Advertisement -

«Тараз» бірінші ойынды сырт алаңда өткізеді

41

- Advertisement -

Өткен жылы премьер-лигада 10 орын алып, бірінші лиганың қола жүлдегері атанған Оралдың «Ақжайық» командасын електік ойында жеңу арқылы ғана премьер-лигадағы орнын сақтап қалған «Тараз» футбол клубы алдағы маусымды Алматыда бастайтын болды.
Футболдан кезекті ел біріншілігінің жеребе тарту рәсімі өткізілді. Бірінші кездесуде командалардың қай өңірдің ұжымымен жұптасатыны екі себетке бөлінген цифрлар арқылы анықталды. Қызыл себеттегі алты ұжым бірінші кездесуді өз алаңында өткізсе, көк себетке топтасқан ұжымдар қонаққа баратыны әу бастан белгілі болды. «Тараз» футбол клубы тиісінше көк себетке түсті.
Жеребе тарту рәсімінде «Қайрат» футбол клубының өкілінің қолына сегіз саны түссе, «Тараз» футбол клубының өкілі тиісінше жетінші нөмірді алып шықты. Нәтижесінде «Тараз» футболшылары бірінші ойынды сырт алаңда Алматының «Қайрат» футбол клубына қарсы өткізетін болып шешілді.
Иә, осылайша біріншілікті «Қайратқа» қарсы жиі бастап жүрген «Тараз» футбол клубы биыл да сол жүрістен жаңылған жоқ. Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша ел чемпиондары Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» футбол клубы бірінші турда премьер-лигаға оралған Петропавлдың «Қызыл-жар СК» командасын қабылдаса, Қызылорданың «Қайсары» Павлодардың «Ертісін», шымкенттік «Ордабасы» көкшетаулық «Оқжетпесті», қостанайлық «Тобыл» қарағандылық «Шахтерді», премьер-лигаға жаңадан қосылған ақтаулық «Каспий» футбол клубы талдықорғандық «Жетісуды» қабылдайтыны белгілі болды.
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы 7 наурыз күні басталатыны мәлім. Алайда жаңа маусым шымылдығы 29 ақпан күні түріледі. Дәл осы күні ел чемпиондары «Астана» командасы мен Қазақстан кубогының иегері қызылордалық «Қайсар» футбол клубы суперкубокты сарапқа салатын болады. Қазіргі кезде жаңа маусымға дайындықты пысықтап жатқан «Тараз» футболшыларына тек сәттілік тілейміз. Команда құрамы алдағы уақытта жаңа ойыншылармен толығатын шығар.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support