Қасқабұлақ – күн өткен сайын ажары артып, көркейіп жатқан ауылдардың бірі. Жылма-жыл ел игілігіне берілетін заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар елді мекеннің көркін ашып, ауылдықтарды қуанышқа бөлеуде. Қасқабұлақтықтар тағы бір нысан – ауызсу жүйесінің ашылуына куә болды. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов жергілікті тұрғындардың қуанышымен арнайы келіп бөлісті. Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі: – Аудандағы 23 ауылдың қазіргі таңда 13 елді мекені мемлекеттік бағдарламалар бойынша орталықтандырылған ауызсуға толық қосылған. Бүгін, міне, ел ішіндегі осындай айтулы сәттің куәсі болып отырмыз, – деп ауылдықтардың қуанышына ізгі тілегін арнады. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исмаил Усеинов су жүйесінің қосылуына үлесін қосқан азаматтарға ризашылығын білдірді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүргізілген нысан құрылысына 750 миллион теңге бөлініп, толықтай игерілген. Тоғыз айда бітуі тиіс нысанның жұмысын «Фортис» ЖШС мерзімінен екі ай бұрын аяқтады. Дәл осы уақытта округтегі 146 үйдің 17-сі ауызсуды тұтынуда. Өз кезегінде ауызсу жүйесінің лентасын қиған Бақыт Алпысбаев су сорғы ғимараттарын аралап, жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ тіршілік нәрін пайдаланып отырған тұрғындардың шаңырағына арнайы барып, судың көтерілу жылдамдығы мен сапасына назар аударды.
Нарбол ҚАШАҒАН, журналист.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді