Жұлдызым Жібек жолы бойындағы
Күләш Ахметова,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы,
Түп қазық туған үйім Отандағы.
Ықылым замандардың шаңы жұққан
Шаһарлы шежіремнің қаһарманы!
Тегім – сен, кітабым сен – парағы алтын.
Сен – дәлел, дамыса егер, дала халқы.
Милед пе, миллениум бе, саған да тән –
Дәуірге сәлем бердің дана қалпың.
Маңдайы, мақтанышы түркілердің!
Ұйысқай рухыңмен ұлтым енді!
Жамбы атып, жарысса – озған, нұр тілеулі,
Еркесі ем еркіндікке ынтық елдің.
Көшеңе жұлдыз аулы көшіп келіп,
Жаңа үйлер жатыр екен қосып көрік.
Баяғы төртқақпалы қамал емес,
Бұ күнде қала – тыныш, есікте – кілт.
Абсенттей жүйріктерің жүлдеңді ілген.
Қашан да қасиетіңді білгенмін мен.
Қалады ел жадында, тарихында –
Тұлғалар туған жерін гүлдендірген.
Ақбақайдың алтыны, Шудың мысы.
Қаратаудың байлығы – бұл күнгісі.
Алынбақшы алауы – келешегі.
Тоғайында тотысы, бұлбұл құсы.
Тасып аққан Таластың шағын көргем.
Төскейіңнен мыңғырып малың да өрген.
Алақанға ал да сал,
нәсіпті елім,
Алла саған нығметін, дәнін берген.
Келешегін ойлаған Біртуары,
Керегедей қабысқан ынтымағы.
Емізігі кеппеген бесікті елдің,
Ақжарылқап алдынан Күн туады!
Тараз қаласы.Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




