ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ
ашық дереккөз
ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ
Бауыржан Момышұлы, Кеңес Одағының Батыры. Отбасының өнегесі – Отан өнегесі. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. Ата-ана қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас, Ел қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас. Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту. Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. Тіл тазалығы үшін күрес – ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес. Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі. Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын көрсеткіш. Ана тілімізге мән бермеушілік, оны құрметтемеу – шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә. Тілекке – еңбек тірек. Терлеп еңбек етерсің – тілегіңе жетерсің. Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің құлы. Қайратыңа – әдісіңді жолдас ет, әдісіңе – ақылыңды жолдас ет. Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды. Қайрат етер кезіңде – жүк көтерер нардай бол, Ақыл айтар кезіңде – жүз жасаған шалдай бол. Ерлік – тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады. Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады. Үміт – өрге тартады, үмітсіздік – көрге тартады. Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма!

Ұқсас жаңалықтар