Грантпен қандай тірліктер тындырылды?
«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен брифингте «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» және «Халықпен жұмыс технологиясы ретінде ақпараттандырудың инновациялық әдістері» тақырыбында баяндама жасалды.
Бірлестік президенті, баяндамашы Исламбек Дастан ең алдымен «Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша «Азаматтық бақылау» қоғамдық мониторингін жүргізу» атты грант аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының грантын иеленіп, республика көлемінде бірқатар жұмыстар жүргізді. Бес бастаманы мониторингілеу мақсатында сарапшылар тобы құрылды. Олар зерттеу бағдарламасын әзірлеп, 17 өңір бойынша ұсыныстарды мемлекеттік органдарға жолдады, – деп спикер өзге де атқарылған жұмыстарды айтып өтті.
Оған қоса, өңірде «Жасырын тұтынушы» жобасы арқылы 34 мекемеде мониторинг жүргізіліп, 11 кемшілік анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша мемлекеттік мекемелерге сауалдар жолданып, жауаптары алынған. Ал қоғамдық мониторинг жүргізу барысында J-Reception.kz сайты арқылы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін, өтініш-сұрақтарын жолдау үшін интернет қабылдау желісі қосылған.
405 жамбылдық сауалнамаға қатысқан. «Бес әлеуметтік бастама» мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік береді десек, мұның әсіресе, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өтті баяндамашы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




