«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Санитарлық автокөліктердің тозығы жеткен

Санитарлық автокөліктердің тозығы жеткен
ашық дереккөз
Санитарлық автокөліктердің тозығы жеткен
Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының диспетчерлік қызметі «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталып, санитарлық автокөліктердің GPS-навигациясымен біріктірілген. Бұл науқасқа жету уақытын барынша қысқартып, қозғалыс бағытын автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. Аталған жүйе шаһардың емханаларымен біріктірілген. Жедел медициналық көмек стансасының Call-орталығында «103» нөмірі бойынша 12 телефон қызмет көрсетеді. Өңірдегі мұндай шақыртулардың барлығы облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас ғимаратында орналасқан Call-орталыққа түседі. Бұл туралы аталмыш мекеменің бас дәрігері Венера Балқыбекова өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында баян етті. – Биыл Жол картасы бойынша «Kazmedconsult» оқу-клиникалық орталығының бастамасымен 124 диспетчер «Қоңырауды ұстап қалу жүйесін енгізу» бойынша өз біліктіліктерін жоғарылатты. Тоқсан сайын диспетчерлер аттестациядан өтіп тұрады. Call-орталығының екі маманы Нұр-Сұлтан қаласына тренер-диспетчер оқуына жіберілді, – деді спикер. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету ережесі» бұйрығына сәйкес халықтың барлық шақырулары оңтайландырылған. Сөйтіп симптомдары (синдромдары) бойынша топтастырылып, шұғылдығы бойынша 4 санатқа бөлініпті. – Қайта ұйымдастыру енгізілгеннен бастап жедел медициналық бригадаларға жүктеме азайды. Төртінші санатты шақыртуларды бастапқы медициналық-санитариялық көмек жанындағы жылжымалы медицина кешендері бригадалары орындайды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл санаттағы шұғыл шақырулар 67401-ден 116482-ге артты. Жедел медициналық көмек үшін шұғылдықтың бірінші және екінші санаты маңызды. Ол санаттарда алғашқы 10-15 минут өмірге қауіп төндіретін уақыт. Сол кездегі медициналық көмек госпитальға дейінгі өлім-жітімді 0,37 пайыздан 0,35 пайызға дейін төмендете алады, – деген Венера Заттыбекқызы көлік мәселесіне де тоқталды. Мысалға биыл облыстағы санитарлық автокөлік саны 138 болса, оның 61-інің, яғни 44,2 пайызының тозығы жеткен.

Альмира ОМАРОВА

Ұқсас жаңалықтар