Өңірімізде автожолдардың ұзындығы 5187 шақырымды құраса, оның 1237 километрі – республикалық, 3950-і аудандық мәндегі жолдар. Жолдардың қыс мезгіліндегі жағдайы да қырағылықты қажет етеді. Пиротехникалық бұйымдарды бақылаусыз тарату және оларды қолдану да өзекті мәселе. Осы және өзге де жайттар облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Сабыровтың, осы департаменттегі азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткізген брифингінде айтылды. Әуелі сөз алған Талғат Нұрғалиұлы қазіргідей қыс мезгілінде Күйік, Шақпақ, Қордай асуларында қиындықтар қалыптасып отырғанын, өңірде 28 жылыту бекеті белгіленсе, оның 6-ауы облыстық мәндегі жолдарда орналасқанын, бұл ретте мектеп, мешіт, шіркеудің мүмкіндігін пайдалану ойластырылғанын айтып өтті. Биыл облыста төтенше жағдайға қарсы бес техника алынса, оның ішінде 1 жол таңдамайтын автокөлік қысы ерекше қатал Жуалы ауданына беріліп отыр екен. Мұнан соң Мақсат Әшірбайұлы облыста орын алған өрттің көпшілігі жеке тұрғын үй секторларының осал топтарында болғанын, атап айтқанда, электр желілерінде және пештерден ақау шығып жатқанына тоқталды. Бүгінгі күнге дейін осындай санаттағы 29 мың жеке тұрғын үй тізімге алынған. Былтыр 29 адам түрлі жағдайда уланып, 9 адам мерт болса, биыл 14 адам уланып, 4 адам өрттің салдарынан қайтыс болған. Яғни көрсеткіш төмендеп отыр. М.Әкімбаев Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық заттарды қолданудан адамдардың жарақаттануы көбейіп отырғанын жасырмады. Сондықтан 17 желтоқсан – 13 қаңтар аралықтарында осындай заттардың сатылымы арнайы рейдпен қадағаланатынын айтты. Сондай-ақ олар БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді