Өңірімізде кәсіпкерлікті жолға қойып, өзінің де табысын молайтып, өзгелерді де жұмыспен қамтып отырған азаматтар аз емес. Солардың бірі – қаратаулық кәсіпкер Молдахан Баянұлы. Ол кәсіпкерлікті ертеректе, еліміз Тәуелсіздігін алған жылдары бастаған. Әуелі шаштараз ашты. «Істің басы – ниетте» дегендей, жұмысы жүріп берген. Ол жылдары екінің бірі мұндай іске тәуекел ете бермейтін. Қазіргі таңда 6 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ондағы әр шебердің айлық табысы 60-70 мың теңгеден кем емес. Бұдан бөлек гүл сататын дүкенінде екі адам нәпахасын айыруда. Кәсіпкердің «Купала» атты жаздық кафесі де бар. Ол жыл сайын наурыз-қазан айлары аралығында жұмыс істейді екен. Маусымдық кезде бұл кафе 15-20 адамды жұмыспен қамтиды. Сонда бір ғана кәсіпкердің отызға жуық адамға жұмыс тауып беріп отырғанын байқауға болады. Молдаханның көңілі толқыған сәттерде қолына қалам алып, өлең жазатыны бар. Төрт аяғын тең басқан жырлар болмаса да, кейбір суреттердегі сезімдері ғой. Оны да шашау шығармай, өз қаржысымен жыр жинағын шығарыпты. Ол бұл еңбегін өңіріміздің 80 жылдық мерейтойына арнап отыр. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...» демекші кәсіпкердің бұл қадамын да теріс көрмедік. Молдахан келешекте кафесін ұлғайтып, қызмет көрсету орынын да үлкейтіп, кәсібін одан әрі дамытуды көздеп отыр. «Талпынған жетер мұратқа» деген осы ғой.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




