Мектеп мұғалімдері мен оқушылары Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірін, даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттауды бастап кетті. Өскелең ұрпаққа өнеге көрсетуден талмайтын ұстаздар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты байқау ұйымдастырып, өзара жарысқа түсті. Байқауда барлығы 26 мұғалім бақ сынады. Олар «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Қара сөздері», «Құлақтан кіріп бойды алар» бөлімдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры А.Алтынбаева бастаған әділқазылар алқасы үздіктерді көркем мәтінді талдау және оқу, ән орындау шеберлігіне, сахналық мәдениетіне қарай анықтап, бағалады. Нәтижесінде бас жүлдені – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Бекжанова, І орынды ағылшын тілі пәнінің маманы – Ж.Қабылбаева, ІІ орынды – биолог А.Отарбаева, ІІІ орынды бастауыш сынып мұғалімдері А.Жүндібаева, А.Абылова мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғ.Шалданбаев иеленді. Қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шарада Абай Құнанбайұлының ел аузында жүрген әндері шырқалды. Ақынның қара сөздері мен өлеңдері – халықтың рухани мұрасы. Сондықтан Абай біз үшін әрқашан дара әрі дана болып қала бермек.
Айнұр АЙТБАЕВА, №1 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




