Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында және Қазақстанның Өзбекстандағы күндеріне орай облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Облыстық кино орталығы» мекемесі «Аманат» деректі фильмін түсіріп, жаңа туынды көрерменге жол тартты. Бұл фильм Қазақ хандығының кемелденуіне белсене атсалысқан әйгілі би Әйтекенің 375 жылдық мерейтойына арналып отыр. Әйтекенің 21 жасында Бұхара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі, Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағының қабылдануына үлкен үлесін қосқан тұлға болғаны белгілі. Фильмді түсіру барысында мекеме қызметкерлері Маркс Түзелбаев, Жеңіс Қалмырзаев Әйтеке бидің сүйегі жатқан Өзбекстанның Нұрата қаласының маңындағы «Сейітқұл әулие – Әйтеке би» кешеніне барып қайтты. Мамандар ол жақтан қомақты дерек жинап, мол мәліметтермен оралды. Сол сапар деректі фильмнің сапалы, мазмұнды түсірілуіне ықпал етті. Әйтеке бидің қара қылды қақ жарған әділдігі, шешендік сөздері мен баталары фильмнің негізгі өзегіне айналды. Бұл жердегі мақсат – Төле бидің сенімді серігі болған Әйтекенің бай мұрасын, тағылымын кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Фильмде бабаның ұрпақтарының да жылы лебіздері, олардың мешіт, медресе салдырудағы, айналаны көгалдандырудағы еткен еңбектері шынайы көрініс тапқан.
Досымбек Сәбденбекұлы, «Облыстық кино орталығы» мекемесінің қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық оқушылар ақылды үй жобасын әзірледі
- 3 шілде, 2025
Білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді