
Жастау кезімізде ауыл пошташысының жолына қарайлап, «Aq jol»-дың әр санын тағатсыздана күтіп жүретінім де күні бүгінгідей есімде. Әлі күнге дейін бір санын құр жібермей оқуға тырысамын. Ара-тұра қоғамымыздың толғақты мәселелері тұрғысында ой толғап, мақалалар жазатыным да бар. Дені осы басылым бетінде жарық көруде.
Сағындық ОРДАБЕКОВ, дәрігер-хирург, медицина ғылымының докторы, профессор.
Айтайын дегенім, газет алдымен оқырмандары үшін алтын мінбер. Халықтың мұңын, мұқтажын, сырын осы газет арқылы билікке жеткізуіне мүмкіндігі бар. Өз басым газетсіз өмір кешіру дегенді көзіме елестете де алмаймын. Кезінде Алаш арыстары көп қиындықпен іргенегізін қалап, қалыптастырып, дамытқан, талай қазақтың сауатын ашып, білімге талпындырған қазақ газеттерінің (оның ішінде «Aq jol» да бар) жылдан-жылға таралымы кеми түскені кім-кімді де бейжай қалдырмас деген ойдамын. Бұл газеттің беделі түскендігінен емес, оқырмандарының салғырттыққа салынғанының белгісі дер едім. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші, құндылығымызды уысымыздан бір шығарып алсақ, оған қайта қол жеткізуіміз қиын. Халықтың сенімді бір өкілі ретінде «Aq jol» газеті билік пен бизнестің әр қадамын бақылауда ұстап отыр десе де болады. Газет журналистері бүгінде сан салада қалам тербеуде. Ай сайын жастарға, қыз-келіншектерге, оқырмандарға, білім мен мәдениетке, әдебиет пен өнерге арналған беттері үзбей жарық көреді. Бізге, міне, осындай басылым қажет қой. Сенің, менің, оның сүйікті үнқағазы ол – «Aq jol»! Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жағдайың қалай, Ұлттық Су университеті?
- 17 сәуір, 2025
Ағаштарды «ауруынан» жазған жас ғалым
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді