Көлік-байланыс қызмет тері көңілдегідей
2019 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында облыс бойынша коммерциялық тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мен кәсіпкерлерді (жеке тұлғаларды) қоса алғанда, автокөлікпен 80806,5 мың тонна жүк тасымалданып, оның көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға ұлғайған.
Атап айтқанда, есепті кезеңде автотранспорттық жүк айналымы (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерді қоса есепке алғанда) 2413,4 миллион тонна-километрді құрап отыр. Сараптық бағалау нәтижесіне сайсақ, барлығы 861,7 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл тұрғыдағы көрсеткіш те былтырғыдағыдан 5,5 пайызға өсіпті. Тиісінше жолаушы тасымалы айналымы 6885,4 миллион жолаушы-километрді құраған.
Ал байланыс саласы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында пошталық және курьерлік қызметтерден түскен табыс көлемі 760,8 миллион теңге деңгейінде қалыптасып, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 14,3 пайызға көбейген. Жалпы байланыс қызметтерінен түскен табыс – 5699,1 миллион теңге.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




