
Баласағұн атындағы орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен облысымыздың 80 жылдығы мен халықаралық студенттер күні аясында «Таразым – тамаша, Жамбылым – жаңаша!» атты концерт өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет саласының үздігі Айгүл Мақашеваның орындауындағы «Таразым» әнімен ашылды. Мұнан соң Тараз инновациялық колледжінің студенттері Олжас Кәрібаев, Диас Түймебаев патриоттық әндер шырқаса, Азамат Әлмерек «Айналдым» әнін әдемі орындады. «Болашақ» колледжінің мақтаныштары Асқар Орынбасаров пен Нұртілеу Қабылбек шырқаған «Мен қазақтың ұлымын» әні де көпшіліктің көңілінен шықты. «Тараз-сервис» колледжінің өнерпазы Ернар Атабай, «Болашақ» колледжінің талантты студенті Асқар Орынбасаров, «Астана» колледжінің аруы Айдана Әмірбаева, «Тараз-ғасыр» колледжінің жас таланты Нұржас Егінбай, Тараз политехникалық колледжінің үкілі үміті Жаннұр Орынтаева, «Білім» колледжінің студенті Ержігіт Сыдықов және Алматы экономика және статистика колледжінің өнерлі өрені Абзал Сатылғанов шырқаған патриоттық әндер жүректен-жүрекке жетті. Концертте «Ақкербез» би ансамблі, «Айша бибі» фольклорлық-этнографиялық би ансамблі өнерлерін ортаға салып, «Кәусар» вокалдық ансамблі, Құрмаш Қуанышбаев, Әскербек пен Жанна дуэті, Қайсар Көкішев әуелетіп ән шырқады. Мерекелік кешке белсене қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен студенттер Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның Алғыс хатымен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жағдайың қалай, Ұлттық Су университеті?
- 17 сәуір, 2025
Ағаштарды «ауруынан» жазған жас ғалым
- 12 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді