Қоғам
Жамбыл облысының Полиция департаментінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
- author «Ақ жол»
- 25 қараша, 2019
- 523
Жамбыл облысының Полиция департаментінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
Жалпы республикалық азаматтарды бірыңғай қабылдау күні іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев азаматтармен кездесіп, олардың мәселелі сұрақтарына жауап берді. Бұл күні Полиция департаментінің барлық аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің бастықтары да азаматтарды қабылдады.
Полиция департаменті бастығының жеке қабылдауында барлығы 23 азамат болды. Негізінен сұрақтар қылмыстық істер бойынша, соның ішінде алаяқтық фактілерін тергеу барысына қатысты болды. Сондай-ақ, азаматтар ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу талаптарына қызығушылық танытып, кейбір полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағым айтты.
Сонымен қатар, бірқатар көтерілген мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне кірмейтіні белгілі болды. Олар тек сот тәртібімен шешілуі тиіс, бұл туралы өтініш берушілерге түсіндірілді.
ПД бастығы Арман Оразалиев қабылдауға жазылған әрбір адамды мұқият тыңдап, қарастырылып отырған мәселеге қатыстылығына байланысты тікелей жауапты басқарма басшыларын шақырды. Нәтижесінде барлық азаматтар қажетті кеңестер мен түсініктемелер алды, ал көтерілген мәселелер полиция ведомствосының басшысымен жеке бақылауға алынды.
Осындай сипаттағы азаматтарды қабылдау шарасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты проблемаларын шешуге және заңдылық пен құқық тәртібін бұзуға жедел ден қоюға бағдар бере отырып, халықпен тікелей диалогты орнату және нығайту мақсатында белгіленген міндеттерді іске асыру шеңберінде өткізілді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




