Алдаспан
Парақталған ғасырлардың әмірі,
Жоғын жоқтап, зарын шерткен мұңлықтың.
Өткірлігі – қорғансыздың қаруы,
Әділдігі – қолтаңбасы шындықтың.
Арманды елдің жаны теңіз, ары алау,
Саған айтар болашақпын датымды.
Даналардың өздеріндей даралау,
Бабалардың сөздеріндей ақырғы.
Қалың елдің қасиетті сүйеуі,
Өктем басып, өрге тартқан Отанды.
Аналардың ақ шашындай киелі,
Әкелердің жүрегіндей қаһарлы.
Із қалдырып ізгіліктің түбіне,
Ұрпақтарға керуен тартқан атадан.
Құдіретті үш кітап бар тіріге,
Құран, Тарих һәм айбынды Ата Заң!
Бақытына уақыты таласқан,
Қастерлеген ұлылардың ұрпағы.
Тәукелердің жолдарындай тау асқан,
Ол – заңдардың шежірелі сұлтаны!
Тәуелсіздік көк пен жерге сән құрды,
Ол – бүгінім,
Ол – ертеңгі заңдылық!
Туғаны жоқ тура бидей тағдырлы,
Тура бидің тағдырындай мәңгілік!
Нұржан ҚадырӘлі
Ұқсас жаңалықтар
«... Күзді арманға сенбейді деп кім айтты?»
- 19 қыркүйек, 2024
Отыз жылдай ғұмыр кешіп, отты жырлар қалдырған
- 13 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді