Еңсеповпен бірге күй шерткен
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен және «Хабар» агенттігінің демеушілігімен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Voice of Nur-Sultan» фестивалінде белгілі күйші Асылбек Еңсеповпен бірге өнер көрсеткен Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің домбыра класының оқушысы Әлихан Құсайынов халықтың қошеметіне бөленді. Ол «Қазақстан» орталық концерт залында, яғни елорда сахнасының төрінде А.Еңсеповпен қатар отырып, «Әке арманы» шығармасын нақышына келтіріп орындады.
Фестивальге Армения, Қытай, Белоруссия, Грузия, Әзірбайжан, Украина, Ресей мемлекеттерінен келген көптеген талантты жас орындаушылар қатысты. Әлихан ең алғаш А.Еңсеповтің «Инстаграм» желісіндегі парақшасында жарияланған интернет байқауына қатысып, күйдің үзіндісін ойнап жіберіп, жолдаманы жеңіп алған болатын. Ал «Әке арманы» күйін оркестрге түсіріп, Әлиханға оркестрде де, жеке орындауды да үлкен еңбекпен үйреткен, үлкен сахнаға дайындаған Нұрлан Байділдаев екенін айта кеткен жөн.
– Интернеттен жарияланған байқауға қатысқанымда мыңдаған үміткердің арасынан оза шауып, атақты күйші ағамызбен бір сахнада өнер көрсетемін деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Бірақ армандаушы едім. «Сен жеңімпазсың» деген шақырту келгендегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – дейді күйші бала.
Әлихан сондай-ақ, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған.
Айнұр АХМЕТОВА,
Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді