Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңындағы іс-шаралар аясында облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Атасы асыл сөздің – ақын Абай» атты облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті. Іс-шараға қатысушыларға Абайдың поэма, өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқу және «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді оқу секілді екі негізгі талап қойылды. Байқауды аталған колледж директорының орынбасары Бағила Әбжаппарова сөз сөйлеп ашып, Абай тағылымының терең екендігіне тоқталып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі студенттерінің театрландырылған көріністері де көңілден шықты. Байқауға қатысушы үміткерлердің көпшілігінің дайындығы төмен болғаны байқалды. Бірі үш-төрт шумақ өлеңді жатқа айта алмай қиналса, енді бірі Абайдың қарасөздерін білмейтін болып шықты. Кейбіреуі хакім жазған қарасөздердің тек мазмұнын ғана айта алумен шектелді. Дегенмен өзгелермен салыстырғанда өздерін жақсы қырынан көрсетіп, екі талап бойынша да сүрінбеген студенттер де болды. Нәтижесінде бас жүлдені Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Әлібек Қосубақ, бірінші жүлдені Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Әбдіраман Сәти иеленді. Қалған жүлдені Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Аяулым Елеуова мен Құлан агротехникалық колледжінің студенті Аяжан Өсербаева бөлісті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




