«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

жарқын істердің бастамашысы

жарқын істердің бастамашысы
ашық дереккөз
жарқын істердің бастамашысы

Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғыру үдерістері ауыл халқының өмір сүру сапасының артуына, әлеуметтік жағдайының жақсаруына және рухани дамуына ерекше серпін беріп отыр. Бұл ретте ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғау, аграрлық секторға мемлекеттік қолдауды күшейтуге атсалысу, елдегі тұрақтылықты баянды ету мақсатында құрылып, ауылдық жердегі ілкімді істердің бастауында тұрған «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы екендігін айтуға болады.

Алдағы жылы «Ауыл» ХДПП құрылғанына – 20 жыл. Тарих бағамында 20 жыл қысқа кезең болғанымен, егеменді еліміздің шежіресінде сындарлы болған осынау жылдардың орны ерекше. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалы ел дамуының басты стратегиялық жоспарына айналған ауыл-аймақтарды гүлдендіру, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатына сай жүйелі жұмыстар атқаруда. Партия филиалы елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына қатысты түрлі игілікті бастамаларды көтеріп келеді. Қазір «Ауылды» белсенділігі төмен партия деп ешкім айта алмайды. Ауыл-аймақтан түсіп жатқан ұсыныстар, пікірлер мен әлеуметтік желілерде көтеріліп жатқан әңгімелер соның дәлелі. Бүгінде партия мүшелерінің қатары көбейіп, халықтың сеніміне ие болуда. Олардың басым бөлігі білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жастар, кəсіпкерлік саласының өкілдері мен зейнеткерлер. Партия филиалы уақыт талабына сай нақты реформаларды қолға алып, үкіметтік емес ұйымдармен және түрлі әлеуметтік топтармен байланысты күшейтуде. Оның ішінде ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіподақ ұйымдары және әлеуметтік желі белсенділерімен кездесіп, қоғамдағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқылануда. Ауылды дамыту – мемлекет саясатының басты бағытының бірі. Соңғы уақыттарда біз бірнеше маңызды мәселелерді көтердік. Атап айтқанда, ауыл және мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет саласы мамандарының жетіспеуі, жастардың ауылда тұрақтамауы, мемлекет тарапынан жасалып жатқан бағдарламалардың жеткілікті насихатталмауы, тағы басқа. Бүгінде ауыл шаруашылығын дамытудың 2021 жылға арналған бағдарламасы шеңберінде ауылдың инфрақұрылымын дамыту қолға алынуда. Тұрғылықты халықты ауызсумен, газбен қамтамасыз ету, энергетика жүйесін дамыту жұмыстары атқарылуда. Бірақ әлемдегі өзгеріс жылдамдығының жоғары болуы себебінен кейбір елді мекендердегі инфрақұрылым дамуы әлі де баяу. Президентіміз Қ.Тоқаевтың саясатына сәйкес ауыл шаруашылығы мамандықтарын дайындау – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осыған өзіндік үлес қосу үшін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ауыл шаруашы-лығы, орман шаруашы-лығы, мал дәрігері мамандық-тары ашылып, мамандар даярлануда. «Жарқын болашақ» жобасы бойынша орта мектепті бітіретін әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан дарынды 9 балаға 2,5 миллион теңге көлемінде арнайы шәкіртақы тағайындалып, қосымша білім беру орталықтарында өз білімдерін тереңдетіп, болашақта бәсекеге қабілетті жоғары маман иесі болуына жағдай жасалуда. Жыл басынан бері қоғамдық саяси, мәдени, танымдық және спорттық жұмыстар бағытында «Ауыл» ХДПП ЖОФ Төрағасы кубогіне БАҚ өкілдерінің арасында биллиардтан турнир, ауыл жастары арасында волейболдан турнир, жастар флешмобы, «Президент Жолдауы – жаңа белестер мен бастамалар және «Ұлы Даланың жеті қыры – мәңгілік ел» атты дөңгелек үстел, дәстүрге айналған «Өз талыңды отырғыз» атты экологиялық акциясы, «Мектепке жол» акциясы, «Ауыл» ХДПП ЖОФ төрағасының ауыспалы кубогіне футболдан жарыс ұйымдастырылды. «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы ретінде әрбір ауылда шағын құрылымдардың ашылуына, даму жоспарындағы басым бағыттар бойынша жаңаша жұмыстар жүргізілу мәселесіне ерекше күш салып келемін. Әрине, ауыл шаруашылығы – көп салалы, күрделі құрылым, оның қиындықтары да осында. «Ауыл» ХДПП Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына енуін қамтама-сыз ететін экономи-калық өсім қарқыны-ның артуына үлес қосуы тиіс. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында агроөнеркәсіп кешені басты бағыттардың бірі болып көрсетілген. Халқымыздың 44 пайызының ауыл-аймақтарда тұрып жатқандығын ескерер болсақ, жаңа технологияларды ең алдымен ауылдық елді мекендерде енгізу қажет деп ойлаймын. Мойынқұм ауданында 120 гектар жер көлеміне өңірдің географиялық жағдайына қарай, арнайы будандастырылған «Будан» сұрыпты жүгерісі егіліп, гектарына 10 тоннадан өнім алынды. Қазіргі таңда жұмыс қызу жалғасуда. Мемлекетімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға баса назар аударылып, арнайы бағдарламалар қолға алынған. Осы мақсаттағы «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша «Ауыл» партиясы тарапынан субсидиялардың мақсатты жұмсалуы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытушы субъектілерінің жеке ұсыныстары негізінде нақты жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Жуалы ауданы «Зылиха» ШҚ, Меркі ауданы «Меркі сүт өнімдері», Талас ауданы, Мойынқұм ауданы «Ахметжан» ШҚ, Шу ауданы «Мақсұт» ШҚ, Байзақ ауданы «Ақ жол-7» ШҚ тағы басқа өндірістік орындарды кездесулер өткізіліп, ауыл жағдайы мен кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті одан ары дамыту шаралары белгіленді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі діңгегі саналатын ауыл жастарын әлемдік дағдарыстың әрбір сәтіне дайын болуға, ел экономикасын дамыту мен халықтың тұрмысын жақсартып, табысы жоғары ел қатарына қосылу үшін аянбай еңбек етуге дайындау, қолдау, белсенділіктерін арттыру, кәсіпкерлікке баулу мақсатын ұстанып келеді. Біз ауылдың жағымды образын жасап, дәріптеуіміз қажет. Өйткені ауыл ұлт ретінде өз түбірімізден ажырамауымызға, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтауға қызмет ететін аса үлкен құндылығымыз. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуынан бастап, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсету және тағы басқа маңызды жұмыстарды атқаруда белсенділік танытатын «Ауыл» партиясы – өз ісіне осындай стратегияны негіз етіп, айнымас мұратына айналдырған бірегей саяси ұйым. Партия филиалының төрағасы ретінде халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын біліп, қолдау білдіру, тұрғындармен кері байланыс орнату құралдарының тиімділігін арттыру қажет деп ойлаймын. Бұған жету үшін аймақтағы барлық партия мүшесі ел өміріне белсенді араласып, халыққа жақын болып, сенімін ақтау үшін шынайы жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін кез келген мәселені ашық, әділ талқылау керек. Сонда ғана партияның имиджі артып, халықтың мүддесін тиімді қорғайтын, сенімді тірегі бола алады.

Ерболат САУРЫҚОВ, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар